«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Маусым 18, 2015

АЗАМАТТЫҚ ИНСТИТУТТАР БАҚЫЛАУ ЖАСАЙДЫ

Қоғамдық бақылауды жүзеге асыруда мониторинг ерекше орын алады. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның аумақтық департаменттері үстіміздегі жылы жүргізген мониторингі де осыған көз жеткізіп отыр. Оның барысында әлі де шешімін күткен қыруар мәселелер бар екенін анықтады. Соған байланысты үстіміздегі жылғы мамыр айында облыстың жемқорлыққа қарсы күрес қызметі өңірдің 10 мемлекеттік …

АЗАМАТТЫҚ ИНСТИТУТТАР БАҚЫЛАУ ЖАСАЙДЫ Read More »

Гүлнәр МҰҚАНОВА: “ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ СМАҒҰЛДЫ БІЛУЛЕРІ ҚАЖЕТ”

Орда бұзар отыз үш жасында қыршы­ны­нан қиыл­­ған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, өңіріміздің тумасы Смағұл Сәдуақасов – осы қысқа ғұмы­рында ұлттық, мемлекеттік мүдде тарты­сына ерте араласып, аз жасында артына мол мұра қалдырып, елінің ны­ғаюы жолында көп іс тындырған жан. Оның аққан жұлдыздай қысқа жолы әркімге-ақ таңдай қақтырары анық. 16-17 жасынан қазақ жас­тарының “Бірлік” атты тұңғыш …

Гүлнәр МҰҚАНОВА: “ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ СМАҒҰЛДЫ БІЛУЛЕРІ ҚАЖЕТ” Read More »

АРМАНЫ АСҚАҚ АПАЛЫ-СІҢЛІЛЕР

Татар этносының өкілдері – апалы-сіңлілі Саттаровалармен таныстығым С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада басталды. Олардың өзара қазақ тілінде әдемі сөйлегенін құлағым шалғанда таңырқағанымды жасыра алмадым. Іле оларды әңгімеге тарттым. Олар Есіл ауданының Амангелді ауылында туып-өскен. Үйдің үлкені Резида Баймұхаметова қазақ тілінде сауат ашқанын айтты. Ол ғана емес, отбасындағы Фарида, Назира, Эльвира және Жұлдыз есімді сіңлілері де …

АРМАНЫ АСҚАҚ АПАЛЫ-СІҢЛІЛЕР Read More »

ЖАЛҒАН АҚША ЖАСАУШЫЛАР ҰСТАЛДЫ

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері (СҚО МКД ЭТҚ) 2015 жылғы 31 мамырда жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында Петропавл қаласының тұрғыны В. деген азаматтың Д. және Р. деген азаматтармен бірлесіп 2000 теңге номиналымен БИ 3763232 сериялы ақша белгісін жасаумен және өткізумен айналысқанын анықтады.

АЛАЯҚ ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ҮКІМ ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛДЫ

Ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айрылған Ақжар аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары және ауылдық учаскелік полицейге тағайындалған жаза өзгеріссіз қалды. Оқиға өткен жылы орын алған болатын. Миы шайқалып, бет-аузы жараланып, ауруханаға түскен ер адамның жағдайын көрген медбикелер полицияға хабар берген. Әдеттегідей істің ақ-қарасын ажыратып, күдіктілерді анықтау міндеті Ақжар аудандық ішкі істер бөлімінің аға …

АЛАЯҚ ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ҮКІМ ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛДЫ Read More »

БАР ҚУАНЫШ – БАЛАЛАРҒА

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың бір топ тәрбиеленушілері Қызылжар ауданына қарасты Березовка ауылындағы “Золотая осень” сауықтыру лагерінде демалуда. Жайма-шуақ жаздың шаттығын сезінген оларға Петропавлдағы Достық үйіндегі этномәдени орталықтардың өнерпаз мүшелері қайырымдылық концертін қойып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

СҮТІ КӨП, БАЛЫҒЫ АЗ ДАСТАРҚАН

Солтүстікқазақстандықтардың басқа тағамдарға қарағанда сүт өнімдерін көп тұтынатыны белгілі болып отыр. Мысалы, былтырғы жылы орташа жан басына шаққанда 32,9 килограмм сүт пайдаланылған. Одан кейінгі орындарда – жұмыртқа, нан, жарма және ет өнімдері. Алайда, жан басына шаққанда жылқы етін тұтыну мөлшері 3,2 килограмм ғана.

БАҒЫТ АЙҚЫН, МІНДЕТ ЗОР

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” атты кезекті Жолдауында экономиканың негізгі салаларын дамыту бағыттары айқындалды. Мемлекет басшысы Ұлт жоспары – 100 нақты қадамда да осы мәселеге кеңінен тоқталған еді. Халықтың әл-ауқатын жақсарту, ел экономикасын тұрақтандыру, дамыту және Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру жолындағы Жаңа Экономикалық …

БАҒЫТ АЙҚЫН, МІНДЕТ ЗОР Read More »

КӘСІПКЕРЛЕР “КАЗЦИНК” ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Өңір басшысының тапсырмасы бойынша кәсіпорындарды жұмыспен қамтамасыз етуге арналған жоспарды жүзеге асыруға сәйкес облыс әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов бастаған солтүстікқазақстандық делегация “Казцинк” ЖШС-нің өкілдерімен кездесті.

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА – ЖАҢА СЕРПІН

Өңір басшысы Ерік Сұлтанов облыстағы агроқұрылымдардың басшыларымен кеңес өткізіп, 2015-2017 жылдары мал шаруашылығын дамытуға қатысты мәселелерді талқылады. Ерік Хамзаұлы аграрлық сектордың басшыларын мал шаруашылығын дамытуға байланысты заңнамаға енгізілген өзгерістермен, сол сияқты мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы тетіктерімен таныстырып, демеуқаржыландыруға байланысты нақты мысалдар келтірді. Облыс әкімі жиналғандардың назарын қызметкерлерге инфляцияны ескере отырып, лайықты еңбекақы төлеу мәселесіне аударды. Бұл …

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА – ЖАҢА СЕРПІН Read More »

ЭТНОСТАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Өңірімізге Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жаңадан тағайындалған аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Астрид Турс келді. Кездесу барысында облыс әкімі Ерік Сұлтанов шетелдік қонаққа өңіріміз туралы айтып, елді дамытуға сүбелі үлес қосуы тиіс Қазақстан халқы Ассамблеясының алдына қойылған міндеттерге тоқталды.