«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ДІН ЖӘНЕ БІЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Иісі мұсылман қауымының қадірлеп, ынтыға күтетін қасиетті Рамазан айы да есігімізден енді. Бұл айда ораза ұстап, Алланың адамзатқа міндеттеген бес парызын орындауға ниет еткендердің де саны көп болады. Адам баласын сабырлы, қанағатшыл, еңбекқор болуға үндеген, астарында жақсылық атаулының сыры тұнып тұрған ораза ұстау, намаз оқу, зекет беру, әсіресе, жастардың ауыз бекітуі “ВКонтакте” әлеуметтік желісін пайдаланушы бірқатар өңір жастарының да назарларынан тыс қалмады.

Асқар,

Петропавл қаласы:

– Жасым он тоғызда. Осы жылы ауыз бекітпекпін. Өткен жылы ораза ұстауға ниет еткенмін. Алайда, ашуға берілгіштігім, сәл нәрсеге сабырсыздық танытатын салғырт мінезім ниетіме тұсау болды. Ауыз бекіткен адамның міндеті күні бойы аузын түрлі тағамдардан тыю ғана емес қой, лас нәрселерді көруден көзін, жаман сөз айтудан тілін шектеу қажет. Бүгінде дәстүрлі дінімізге бет бұрған жастардың көптігі көңілге қуаныш ұялатады. Алайда, дінді өз басының қамы үшін пайдаланып жүрген өрендерді көргенде жүрек тұсың сыздап қоя береді. Жігіттер сақал қойып, бойжеткендер ұзын етекті көйлек кию арқылы өздерін күнә мен кінәдан пәк, періштедей сезініп, қарапайым, діннен хабары аз адамдарға мұрындарын шүйіре қарап, кейде әжуаға айналдырып жүргендерін де кездестірдік. Жақында Қызылжарда тұратын саудагер танысым (өзінің айтуынша бес уақыт намазын қаза қылмайтын діндар) “Еліміздің оңтүстігінен әкелген құрмамды көзімнің қарашығындай сақтап отырмын. Рамазан айының бел ортасында екі-үш есе бағамен сататын боламын. Осылайша қалтамды біраз қалыңдатпақпын”, – деп жүр. Бұл бір ғана мысал ғой. Өткен жолы артық салмақтан ораза ұстау арқылы арылдым деген жігіттің әңгімесін естіп, бүгінгі жастардың басым бөлігінің Алланың бес парызының маңызын түсіне бермейтінін ұққандай болдым.

Шолпан,

Айыртау ауданы:

– Ораза ұстаймын деген ойың қуантады. Дегенмен, ол – әркімнің өз еркіндегі дүние. Бұл тұста әлдекімдердің қателіктерін санамалап, оларға мін тағу артық етеді. Мен де жыл сайын ауыз бекітетіндердің қатарындамын. Менің көп салмақтан арылуыма да ораза жәрдемдесті. Кез келген адам діни қағидаларды да өзінің қажеттілігіне байланысты іске жарата білулері керек.

 

Айдын,

Петропавл қаласы:

– Шолпан, соңғы сөйлеміңді оқи отырып, саған жерлесім ретінде ғана емес, еліміздің азаматы ретінде жаным ашыды. Бұрынғы қазақ қыздарының өсірген бұрымдарының өзі діни әдеппен өрілген. Сен болсаң, дәстүрлі дінімізді қажеттілікке тіреп қойдың. Алла Тағала біздің өтеген бес парызымызға мұқтаж емес. Керісінше, біз тәуелдіміз. Осынау ұланғайыр жерімізді біздің бабаларымыз найзаның ұшымен ғана емес, сабырдың күшімен де аман сақтап қалды. Сабыр ете білген адам кез келген қиыншылықтарды жеңе біледі. Қазіргі кездегі етегін кең жайып кеткен қоғам дерттерінің бірі суицид те – сабырсыздықтан туындаған үлкен қатер.

(Ғаламтордан алынды). 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp