«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕЙНЕТІРКЕУ БҰЛТАРТПАЙДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жол-патрульдік полицейлерінің кеудесінен: “Назар аударыңыз! Бейнетүсірілім жүргізілуде!”деген жазуы бар бейджикті аңғарсаңыз, онда тәртіп сақшысы бейнетіркеумен жұмыс істеп жатқаны. Жаңа құрылғының көмегімен полиция қызметкерлері тәртіп бұзушылықтарды тіркейді. Бүгінгі күні облыстық ішкі істер департаменті сатып алған 37 бейнетіркеу тәртіп сақшыларына берілді. Мұндай жаңашылдық полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз етіп қана қоймай, жол-көлік апаттарының азаюына да көмегін тигізетін болады. Сондай-ақ, бейнетіркеу құрылғысын кезекшілік барысында тәртіп сақшылары өз еріктерімен сөндіре алмайды.

Енді жаңа қондырғы арқылы құқық бұзушылықтар барысындағы даулы мәселелер азаяды деп күтілуде. Алғашқы жұмыс күні бейнетіркеу көмегімен 20-дан астам тәртіпсіздік тіркелді.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp