«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖАҒДАЙЫНДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі экономикалық және саяси дағдарысқа байланысты еліміздің стратегиялық маңызды құжатын жария етті.

Алдағы жыл біздің елге де оңай болмайтыны сөзсіз. Сондықтан “Қазақтелеком” АҚ-ның қызметкерлері инфокоммуникациялық қызмет нарығында үлкен бәсекелестік жалғасатынын түсініп отыр. Ендеше Елбасының биылғы Жолдауындағы айтылған әр сөздің, әр ойдың бізге де қатысы бар екенін түсініп, жұмысымызды ширата түсуіміз керек. Біз тұтынушыларымыздың талаптарын басты назарға ала отырып, дамуды қолдайтын компаниямыз. Сондықтан жаңа ұсыныстар, заманауи технологиялар мен қызмет көрсетудің өзіндік үлгілері арқылы сервис сапасын арттыруды көздейміз.

Осыған дейін қолға алынып, экономикалық саясаттың үлкен жүгін арқалайтын “Жаңа индустрияландыру”, “Нұрлы Жол” бағдарламалары арқылы Қазақстан елдігін нығайтып қана қойған жоқ, сондай-ақ, әлемнің дамыған мемлекеттері қатарынан көріне бастады. Биылғы Жолдау солардың ұтымды жалғасы болмақ.

Әлім ШӨКЕНОВ,

“Қазақтелеком” АҚ облыстық филиалының директоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp