«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАУАПКЕРШІЛІГІМІЗ ЕРЕКШЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму” атты Жолдауы заман талабымен ұштасқан жоспар. Біздің алдағы мақсатымыз – Қазақстанды Мәңгілік Ел ету. Сондықтан жоспарларымызды нақтылап, әркім өзі еңбек атқарып жүрген салада асқан жауапкершілік танытуы қажет деп ойлаймын.

Елбасының әлемді жайлаған дағдарыстың қоғам дамуына қиындық келтіруімен қатар, одан шығудың жолы бар екендігін айтуы көңілге сенім ұялатты. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі озық 30 елдің қатарынан көріну мақсатынан таймау үшін дағдарысқа қарсы және құрылымдық жаңарулардың бес бағытын жариялады. Қаржылық секторды тұрақтандыру, бюджет саясатын оңтайландыру, жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру, жаңа инвестициялар тарту, жаңа әлеуметтік саясатты жүзеге асыру бойынша біздің алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Бұлардың барлығы өзінің маңыздылығымен ерекше.  

Жолдауда жаңа жылдан бастап іске асырылатын осы реформаларға ерекше назар аударып, халыққа түсіндіру жұмыстарын Мемлекет басшысы “Нұр Отан” партиясына жүктеді. Алдағы күндері бұл бағытта атқарылатын жұмыстарға партия тарапынан ерекше жауапкершілік, қатаң бақылау және бірлескен еңбек қажет деп білемін. Өйткені, Елбасы елімізде қиындықтардың болмауы үшін алға қойған міндеттердің ойдағыдай орындалуы баршамызға ортақ іс екенін ашық айтты. Сонымен қатар, өнімді еңбек етсек қана алда тұрған қиындықтарды жеңуге болатынын ашып айтуы тегін емес. Шынайы еңбек қана игі жақсылықтарға жеткізері анық.

Жастардың тегін кәсіби мамандық алуына жағдай жасалатыны да жағымды жаңалық болды. Бұл дегеніміз жұмысшы мамандығының мәртебесін көтере отырып, жұмыссыздықты болдырмауға апаратын бірден-бір жол. Жаңа Жолдау – мемлекетіміздің тұғырын нығайту жолындағы басым бағыттарды, айқын міндеттерді анықтаған басты құжат. Сондықтан барша қазақстандықтармен бірге тайыншалықтар да саяси құжатта атап көрсетілген міндеттерді орындауға барынша атсалысатын болады.

Уақыт БЕЙСЕМБАЕВ,

“Нұр Отан” партиясы Тайынша аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Тайынша ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp