«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жақында “Казпочта” акционерлік қоғамының облыстық филиалында директордың орынбасары Жанна Омарова аяқталатын жылдың пошта байланысының ұлттық операторы үшін тұтастай алғанда айтарлықтай жемісті болғанын айтып, өңірімізде 2015 жылы іске қосылған жаңа жобалар және көрсетілетін қызметтермен таныстырды.

Біз оқырмандарға ұсынылып отырған мақаламызда осыларды тарқата айтуды ұйғардық. Атап айтқанда, хаттарды бағдарламалық қамсыздандыру арқылы қабылдап алғаннан кейін дайын хат-хабарлар поштамен жіберіледі. Бұл – жіберілетін материалдар мөр басылып, буып-түйіліп, қажетінше тапсырылуға дейінгі қызметті қамтитын бірегей технологиялық үдеріс.  

Қысқарта айтқанда, ГЭП (гибридтік электронды пошта) делінетін бұл байланыс түрінің мәні мынада: оны пайдаланушылар электронды түрде жіберілетін хабарламалармен немесе құжаттармен алмасады, ал оператор көпбейінді принтердің көмегімен қағазды жергілікті жерде шығарып береді. Барлық хабарламалардың электронды түрде жіберіліп, “Казпочтаның” оларды хаттап, ашып, лайықты жерге жөнелтілуі бұл қызметтің артықшылығы болып табылады.

Бұл ретте жіберілетін хабарламалар жылдам жеткізіледі.

Екіншіден, “Казпочта” көрсетілетін қызметтердің сапасын әлемге әйгілі шетелдік компаниялардың және SMS-хабарландыру сияқты жаһандық технологиялардың деңгейіне жеткізудің шараларын қолдануда. Осының нәтижесінде біз өзіміздің клиенттерімізге сәлемдемелер мен зейнетақылар туралы 5 миллионнан аса хабарландырулар жібердік.

2015 жылдың 10 қарашасынан бастап клиенттердің зейнетақы шоттарына ақша қаражатының түсуі және қаражаттарының есептен шығарылуы туралы SMS-хабарландырудың жаңа қызмет түрі көрсетіліп келеді. Бұл қызмет арқылы соманың түсуін және күнін, сондай-ақ, клиенттің зейнетақы шоты бойынша атқарылған жұмыстардың барлық шығындарын түгел біліп отыруға мүмкіндік жасалған. Өзінің ұялы телефонының нөмірін хабарлап, жеке куәлігін “Казпочтаның” кез келген бөлімшесінің операторына хабарлау арқылы осы қызметті пайдалануға болады.

Ал үстіміздегі жылдың наурыз айынан бері ақша аударымдарының қарапайым да жылдам әдісі “Salem tenge” ойдағыдай пайдаланылып келеді. Осы арқылы азаматтың аударылған ақшаны бір минуттың ішінде алуына болады. Ол үшін алынатын өтемақы біржарым пайызды құрайды. Жанна Омарованың айтуынша, тұтынушы үшін бұл – ең тиімді әдіс. Ол Қазақстан бойынша ақшаны қиналмай аударуға мүмкіндік береді.

Елімізде бүгіндері “Казпочтаның” бес жүзден аса бөлімшелерінде “Вестерн Юнион” жүйесімен және “Юнистрим” жүйесімен екі мыңнан аса бөлімшелерінде халықаралық ақша аударымдарын жіберіп-алу қызметтерін пайдалануға болады.

Бүгіндері “Казпочта” АҚ Ресеймен, Украинамен, Әзірбайжанмен, Армениямен, Беларусьпен, Грузиямен, Қырғызстанмен, Латвиямен, Литвамен, Молдовамен, Тәжікстанмен, Түрікменстанмен, Өзбекстанмен, Польшамен, Эстониямен, Қытаймен, Канадамен халықаралық пошта аударымдарын алмасу бойынша келісім жасады. Осылайша, өткен жылмен салыстырғанда биыл ақша аударымдарының көлемі 61 пайызға артты.

Өңірімізде 2015 жылғы мамыр айынан бері “Мобильный Постмэн” ұялы тасымал қондырғысы арқылы қызмет көрсетілуде. Бұл арқылы коммуналдық және салық, ұялы байланыс төлемдерін, шоттардан зейнетақылар мен демеуқаржыларды, төлемақылары өтеліп, тіркеуге алынатын пошта хабарламаларын және үйге жеткізіліп берілетін хаттарды, бағасы жазылған бандерольдерді, салмағы 500 грамнан асатын шағын пакеттерді үйде немесе кеңседе отырып тапсырып, қабылдауға болады.

Қазір “Казпочта” арқылы еңбекақылар, зейнетақылар, жәрдемақылар әрбір елді мекендерде төленеді, сексенге келген және жасы одан асқан зейнеткерлерге, жалғызбасты, сонымен бірге өзгенің көмегіне зәру адамдарға зейнетақылар үйлеріне тегін жеткізіледі.

Облысымызда сәлемдемелерді постамат арқылы алудың ұшқыр жобасы жүзеге асырылды. Постамат дегеніміз – интернет-дүкендерде және каталогтарда тапсырыс берілген тауарларды берудің автоматтандырылған терминалы.

Бүгінде республикамызда осындай 18 постамат жұмыс істейді. Ал Петропавлда төрт постамат – “Пирамида” және “Корона” сауда үйлерінде, “Әлем СКА бизнес-орталығында”, бас поштаның орталық операциялық учаскесінде орнатылған.

Пошта байланысының бөлімшелерінде таяу күндерге темір жол билеттерін сату көзделуде. Бұл ауылдық жерлердің тұрғындарына қолайлы. Әр билеттен комиссиялық төлем 300-ден 500 теңгеге дейін.

Бұларға қоса компанияда еңбекақы төлеу мен жұмыстың мониторингі жетілдірілуде. Бүгінгі күнге дейін “Казпочтада” төрт мыңнан аса оператор жұмыс істейді. Бұрын олардың еңбекақысы атқарған жұмыс көлеміне қарамай есептелетін. Енді облыстық және аудандық операторлар нормативті орындаған жағдайда әрбір жіберілген сәлемдеме үшін 30 теңге алады. Бұл әдіс облыстық филиалда ойдағыдай енгізілуде.

Облыстық филиалда инновациялық технологияларды енгізудің жаңа орталығы жұмыс істей бастады.

“АБДИ-Компании” АҚ-мен бірлескен жаңа жоба іске қосылды. Осы арқылы “POSTMARКЕТ” порталында кеңсе тауарларына тапсырыс беруге болады.

Қазір 1499 нөмірі бойынша бірегей байланыс орталығы жұмыс істеп тұр. Бұл нөмір арқылы пошта бөлімшесі көрсететін қызметтердің барлық мәселелері бойынша тиянақты ақпарат алуға болады.

Айдарбек БЕГЕНОВ,

филиалдың маркетинг

 және жарнама секторының бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp