«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРАР ҚАБЫЛДАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жуырда Қазақстан Коммунистік халық партиясы облыстық комитеті “Келер жылдан не күтеміз?” деген тақырыпта “дөңгелек үстел” өткізді. Аталмыш шараға облыстық және қалалық ішкі саясат органдарының мамандары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, белсенділер қатысты. “Дөңгелек үстел” барысында талқыланған мәселелер бойынша қарар қабылданды. Мәселен, партия мүшелерінің ойынша, балалары бар жас отбасылардың баспана алуы үшін бюджеттік демеуқаржы мен жеңілдіктер беру жүйесін әзірлеу, тұрғын үй нарығындағы қулық-сұмдық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда мемлекеттік және қоғамдық бақылауды күшейту керек. Сондай-ақ, орта білім беретін ұйымдарға арналған бірыңғай үлгідегі оқулықтар шығарып, әр пән бойынша тегін таратылатын базалық оқулықтар әзірлеуді, балалар үйі түлектерінің баспанамен қамтылуын мемлекет және қоғамдық ұйымдар тарапынан ұдайы қадағалануын қамтамасыз етуді, мемлекеттік-жекешелік әріптестік есебінен 0-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтуды қолға алу керек. Осы және басқа да ұсыныстарымызды бізден сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарына жібермекпіз.

Сергей МАРТЕМЬЯНОВ,

Қазақстан Коммунистік халық партиясы облыстық комитетінің бірінші хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp