«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛІМІЗДІҢ ЕРТЕҢІ ЖАРҚЫН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Президент Жолдауы – халық үшін жаңалықтың, тыныс-тіршілік пен дамудың бағдары. Сондықтан әр отбасы жыл сайын оны асыға күтеді. Жұрт онымен мұқият танысып, мазмұнын ұғып, ерекшеліктерін саралап, ұжымдаса жүзеге асыруға кіріседі. Президентіміздің биылғы “Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму” атты Жолдауының жүрекке жылы тиетін тұстары аз емес.

Бүгінде жаһандық дағдарыстың салқыны әр елге көлеңкесін түсіруде. Осындай қиын-қыстау заманда Мемлекет басшысының ұсынған бағдарламалық құжаты бағытымызды айқындайды. Ондағы жеті бағыттың еліміздің тұғырын нығайта түсу үшін алға жетелейтіні сөзсіз. Жолдауда Қазақстанды әлемдегі дамыған мемлекеттердің отыздығына енгізу жолындағы мақсат нысанаға алынып, нақты тапсырмалар берілді.

Биылғы Жолдау халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Қазақстандықтардың кәсіппен айналысуына, жұмыспен қамтылуына барлық мүмкіндіктерді жасау бағыты айқындалған. Онда атап өтер жақсы жаңалық – әлеуметтік сала қызметкерлеріне ерекше назар аударылуы. Мұғалімдер мен дәрігерлердің еңбекақысын арттыру, студенттердің шәкіртақысын көбейту, тұрмысы төмен отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету – мемлекеттің халқына деген қамқорлығының көрінісі. Сондай-ақ, биылғы Жолдауда бүлдіршіндерді мектепке дейінгі ұйымдармен, балабақшамен қамтамасыз етуге ерекше мән беріліп отыр.

Осындай үлкен мақсаттарды арқалаған Жолдауды жүзеге асыру қадамын жасағалы тұрмыз. Ол міндет баршамызға ортақ. Сондықтан әрқайсымыз өзіміздің атқарып отырған жұмысымызды жауапкершілікпен атқарып, үлесімізді қоссақ, еліміздің ертеңі жарқын болары сөзсіз.

Ботагөз ИСИНЕЕВА,

“Ақбота” бөбекжай-бақшасының

қазақ тілі пәнінің мұғалімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp