Кеше кешке Петропавлда «Народный юрист» деп аталған акция өтті. Шараға адвокаттар, әділет, прокуратура мамандары, қалалық мәслихат депутаттары, әкімдік өкілдері тартылды.
Заңгерлер мен мамандар үш сағат бойы петропавлдықтардың сан алуан сұрақтарын тыңдап, оларды толғандырған мәселелерді шешудің жолдары туралы тегін ақыл-кеңес берді. Бұл мүмкіндікті 100 шақты азамат пайдаланып, зейнетақы, жәрдемақы, алимент мөлшерін есептеуге, қарызды өндіріп алуға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа қатысты және басқа сұрақтарына жауап алды.