«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС ИНСПЕКТОРЛАР САЙЫСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда жас жол инспекторларының 26-шы облыстық жарысы өтуде. Облыс орталығы мен аудандардан келген 100-ден астам жасөспірім  екі күн бойы жол қозғалысы ережелері бойынша түрлі байқауларға қатысып жатыр.

Бағдарламада саппен жүріп ән айту, велосипедпен тапсырмалар орындау, жас санитарлар, білгірлер турнирі  сияқты қызғылықты сайыстар қарастырылған.

Үстіміздегі жыл басынан бері облыста балалардың қатысуымен  болған 14 жол-көлік оқиғасында 15 жасөспірім жарақат алған екен, сондықтан мұндай шаралардың маңызы зор дейді ұйымдастырушылар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp