«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 14.11.2017

ҚУАНЫП ҚАЙТТЫ

“Ритм” би тобы елордамыз – Астана қаласында өткен халықаралық өнер фестивалінен жүлдемен оралды.

ДІНИ КІТАП ПАЙДА КӨЗІ ЕМЕС

Діни тақырыптағы әдебиеттерді таратуға заңмен шектеу қойылғанына қарамастан, кітап сатып, пайда тапқысы келетіндер кездеседі. Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік соты “OLX.KZ” сайты арқылы Інжіл кітабын сатпақ болған азаматқа қатысты істі қарады.

АЙЫППҰЛ ТӨЛЕМЕГЕНДЕРГЕ ЖАЗА АУЫР

Кейбір тұрғындардың енжарлығына таңғаласың. Заңды бұзғаны үшін айыппұл төлеуі тиіс болса да, мойнындағы қарызы өздігінен өтелетіндей алаңсыз жүретіндер бар.

ЗАМАНҒА ЛАЙЫҚ КІТАПХАНА

С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Заманауи кітапханалар қызметінің жаңа мүмкіндіктері мен сапасы” тақырыбында семинар өтті. Семинарға облыс орталығындағы және аудандардағы мемлекеттiк кiтап-ханалардың басшылары мен мамандары, қаланың оқу орындарының кiтапханашылары қатысты. Кітапхана жүйесінің жетпістен астам маманының басын қосқан шара электронды ақпараттық қызметтермен және өнiмдермен танысуға, кiтапхана мамандарының кәсiби бiлiктiлiгiн жетiлдiруге, инновациялық, соны жұмыс формалары мен …

ЗАМАНҒА ЛАЙЫҚ КІТАПХАНА Read More »

ДӘСТҮРЛІ ДОДА

Қазақстан, Ресей, Украина және Қырғызстанның 250 жасөспірім балуаны Петропавлда КСРО-ның спорт шебері Уәлихан Нұркеевті еске түсіруге арналған жарысқа қатысты. Кезінде жастар және ересектер арасында Қазақстан чемпионы, артынша бүкілодақтық турнирде топ жарған атақты жерлесіміздің құрметіне грек-рим күресінен жарыс соңғы 15 жыл бойы үздіксіз өткізіліп келеді.

КҮТУМЕН ӨТКЕН ӨМІР

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қан майданға аттанған боздақтарының от ортасынан аман оралуын ұзақ жылдар бойы үміт үзбей күткен бірлі-жарымды аталарымыз бен әжелеріміз туралы жазылмай жүрген жоқ. Менің туған топырағым – қазіргі Есіл ауданындағы Қарағаш ауылында осындай, екі бірдей отбасының қан майданға кеткен перзенттерін күтумен өмірден өткені күні бүгінгідей көз алдымда. Түтін саны 300-ге жетіп жығылатын …

КҮТУМЕН ӨТКЕН ӨМІР Read More »

ҚОЙЫЛЫМ ЖЕЛІСІ — ҚОҒАМ ДЕРТІ

Облыстық Н.Погодин атындағы орыс драма театрының әртістері италиялық драматург Алессандро Казоланың “Взятка понеаполитански” қойылымын көрермен назарына ұсынды.

ЖАЛАҚЫ ТӨЛЕУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Бұл іс-шара қатысушылардың пікір алмасуы және әңгімелесу форматында ұйымдастырылды.

ТАТУЛЫҚТЫ ТУ ЕТКЕН ҚАСИЕТТІ МЕКЕН

Петропавлда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттерді жүзеге асыру және “ЭКСПО – 2017” халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында “Туған өлкем Тимирязев – көңілімнің тұнығы” атауымен Тимирязев ауданының мәдениет күндері өтті.

ТӨЛ АҚШАМЫЗ — ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ

Тәуелсіз Қазақстан тарихында ұлттық валютаның дүниеге келуі шын мәнінде бетбұрысты кезең болды. 1993 жылдың 15 қарашасында төл валютамыз – теңгенің айналымға енгізілуімен еліміз экономикалық және қаржылық тәуелсіздікке ие болды. Ширек ғасырға жуық уақыт экономиканың басты бір негізі болып табылатын ұлттық валюта үшін – салмақты міндет жүктелген күрделі кезең болып табылады. Осыған орай мереке қарсаңында “Қазақстан …

ТӨЛ АҚШАМЫЗ — ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ Read More »

АТАУЫ ДА, МАЗМҰНЫ ДА ЖАҢАРДЫ

Жексенбі күні “Қазақстан” ұлттық арнасы мен облыстық “Қызылжар” телеарнасының жаңа маусымының тұсаукесері болып өтті. Бұл салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет, “Қазақстан” республикалық телерадиокорпорациясы” акционерлік қоғамы аймақтық хабар таратуды дамыту департаментінің директоры Ержанар Әшейхан қатысты.

АҚИҚАТҚА АЙНАЛҒАН АЛАШ АҢСАРЫ

Биыл азаттық жолында арпа­лысқан арыстардың ұлты үшін саяси шешім қабылдап, азаттық аңсарына қол созған сәтіне 100 жыл толып отыр. Соған орай, Білім және ғылым министрлігіне қарасты Мемлекет тарихы институты мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бірлесіп, “Рухани жаңғыру: Алаш жә­не азаттық идеясының са­бақ­тастығы” атты халық­аралық ғылыми-тәжіри­белік конференция ұйымдастырды. Маңызды жиынды ашып, сөз сөйлеген Қазақстан Рес­пуб­ликасының …

АҚИҚАТҚА АЙНАЛҒАН АЛАШ АҢСАРЫ Read More »

СЫРҚАТ БАЛАҒА КӨМЕК БЕРДІ

Жыл басынан бері облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов өтініш, тілектерін айта келген 200-ден астам адамды қабылдады.

ОМБЫДАҒЫ “ҚАЗМАРКЕТ”

Ресейдің Омбы қаласында Солтүстік Қазақстан облысында шығарылған өнімдерді сататын “Қазмаркет” атты дүкен ашылды. Шаһар тұрғындары бұл сауда орнынан ет, сүт және кондитерлік өнімдерді сатып ала алады.

МАҢДАЙ ТЕРДІҢ ӨТЕУІ

Күз – жаз бойы бел жазбай жұмыс істеген қауымның төккен терінің қайтарымы болатын сәт. Өткен сенбі күні облыс орталығында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің “Ауылым – рухани қазынам” атты форумы өтті. Оған ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері, еңбек озаттары, үздік агроқұрылым басшылары қатысты.

ЖҮРЕГІМЕ НҰР ҚҰЙДЫ

Телеарнамыз “Қызылжар” боп өзгерді, Бұл хабарды естіді жұрт, көз көрді. Ақсақалдар бата беріп игі іске, Алда атқарар жұмыстар да сөз болды.

БІЛІКТІ МАМАНДАР ОРДАСЫ

Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің ашылғанына биыл 60 жыл толып отыр. Жуырда колледждің ұжымы, түлектері мен оқушылары мерейтойларын Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында салтанатты түрде атап өтті.