«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 18.11.2017

ТУҒАН ЖЕРІН ЗЕРТТЕДІ

Бүгінгі таңда балалардың дарынын ашу мақсатында оларды ерте жастан ғылыми жұмыстар жазуға баулып, өз беттерімен зерттеулер жүргізуге үйретеміз. Шал ақын ауданының оқушылары өздерінің зерттеу жұмыстарын ғылыми-жобалар сайысында қорғады.

ШАЛА ТУҒАН НӘРЕСТЕНІҢ ШЫРАҒЫ БАР

Бала – өмірдің мәні мен сәні. Тоғыз ай бойы құрсағыңда көтерген сәбиіңді аман-есен дүниеге әкелу – ана үшін үлкен бақыт. Ал енді түрлі себептерге байланысты шақалақ өмірге айы-күні жетпей келсе, ана жүрегіне қорқыныш ұялайды. Ана сәбиінің өмірі үшін алаңдап, түн ұйқысын төрт бөледі. Осындай сын сағаттарда анаға дәрігерлер көмектеседі. 2009 жылдан бері шала туған балалардың …

ШАЛА ТУҒАН НӘРЕСТЕНІҢ ШЫРАҒЫ БАР Read More »

ТИІМДІ СЕМИНАР

Талшық орта мектебінде “Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқыту процесін ұйымдастыру” тақырыбында семинар өтті.

САЛ-СЕРІЛЕРДІҢ САРҚЫТЫ

Қазақтың сайын даласы – талай дарындарды дүниеге әкелген қасиетті мекен. Күмбірлеп күй төгіліп, әсем әуен қалықтаған мекенде Ақан сері, Үкілі Ыбырай сынды дүлдүлдер өмірден өтсе де, сара жолды жалғаған өнерпаздар аз емес. Сал-серілердің сарқыты ретінде өнердің дамуына өз үлесін қосып жүрген жанның бірі – Жанарбек Ескендіров.

Александр ВИНОКУРОВ, “Аstana” Pro Team командасының бас менеджері: “ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ВЕЛОШАБАНДОЗДАР БАР”

“Астана” велокомандасы үшін биылғы жыл жеңілісі мен жеңісі қатар өрілді деп айтуға болады. Жылдың алғашқы жартысы шым-шытырық оқиғаларға толы болды. Командаға көз тиді ме, әлде сөз тиді ме, әйтеуір, көп жарыста жолы бола қойған жоқ. Алайда, кейіннен гранд-турдың кезеңдерін жеңіп, маңдайдан ащы терді бір сүртті. Команданы жеңіске бастап жүрген Александр Винокуров қауырт шаруадан қолы қалт …

Александр ВИНОКУРОВ, “Аstana” Pro Team командасының бас менеджері: “ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ВЕЛОШАБАНДОЗДАР БАР” Read More »

МӘДЕНИ БАЙЛАНЫС БЕКИ ТҮСТІ

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Ямал маусымы” жобасының аясында Ресейдің Ямал-Ненец автономиялық округі тұрғындарының мәдениеті, тарихы және салт-дәстүрімен таныстыру шарасы өтті.

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Үстіміздегі жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші – 18,5 пайызға, инвестициялар көлемі – 10,7, өнеркәсіп өндірісі – 5,2, ауыл шаруашылығы өнімін шығару көлемі 2,6 пайызға ұлғайды.

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

2019 жылдан білім беру ұйымдарында химия, физика, биология және информатика пәндері ағылшын тілінде оқытыла бастайды. Осыған орай, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытуды бастап кеткен мектептердің мұғалімдері Петропавл қаласындағы бірнеше оқу орны базасында әріптестерімен тәжірибе бөлісті.

ЕРІКТІЛЕРДІ ЖҰМЫЛДЫРУ КЕРЕК

Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы облыстық филиалының төрағасы Жангелді Тәжинмен сұхбаттасты.

ДИАС — ЖЕҢІМПАЗ

Алаш партиясының 100 жылдығына орай Көкшетау қаласында “Бала ақын – жас дарын” атты мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған облыстық ақындар айтысында жерлесіміз Диас Аяған жеңімпаз атанды.

ШИРЕК ҒАСЫР ЖЕМІСІ

Бүгінгі таңда “Фирма Алекри” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – тауық жұмыртқасының өндірісі бойынша еліміздегі ең ірі әрі қарқынды дамушы кәсіпорындардың бірі. Ол бүгінде жылына 150 миллион дана жұмыртқа шығаруға қауқарлы.

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚОЛДАУ

Петропавл қаласында өңіріміздің кәсіпкерлік субъектілеріне арналған “Инновациялық даму және инвестицияларды тарту жүйесін қолдау бойынша шаралар кешені” атты екікүндік семинар өтті.

ШИКІЗАТ ТАПШЫЛЫҒЫ НЕДЕН?

Өңірде сүт өңдеумен оннан астам кәсіпорын айналысады. Олардың арасында “Молсервис” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, “Зенченко және К” коммандиттік серіктестігінің өнімдеріне сұраныс жоғары.

БАС ЖҮЛДЕ — “ҚЫЗЫЛКЕНТТЕ”

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің кубогы үшін республикалық “Жайдарман” фестивалі өтті. Астана, Көкшетау, Қостанай, Қарағанды қалаларынан келген және жергілікті өрендерден құралған 11 команда қатысқан әзілқойлар сайысын көрермендермен бірге облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет тамашалап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

САНА ЖАҢҒЫРМАЙ, ҚОҒАМ СЕРПІЛМЕЙДІ

Тәуелсіз елдігіміздің қалыптасуы, бастапқы даму кезеңдерінде ұлттық идеология бірден даңғыл жолға түсіп кете қойған жоқ. Өтпелі кезеңдерді өткерді. Өйткені, әуелі елді, оның экономикасын көтеру керек болғанын Елбасының өзі де үнемі еске салып отырды. “Әуелі – экономика, сосын – саясат” деген ұстанымға басымдық берілді. Оның нәтижесін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Қазақстан экономика мен саясатта таңдалған бағыт-бағдардың …

САНА ЖАҢҒЫРМАЙ, ҚОҒАМ СЕРПІЛМЕЙДІ Read More »

ҚЫС — СЫНШЫ

Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің орынбасары Антон Федяевтің төрағалығымен азаматтық қорғау жүйесіне қарасты мекемелердің биылғы қыс мезгілінде жұмыс істеуге әзірлігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша отырыс өткізілді.

“ЖАС ӨРКЕНДЕГІ” ДҮБІРЛІ ЕҢБЕК

Бүгіндері Петропавл қаласының “Жас өркен” ықшамауданында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Сүріліп, орындары босатылып жатқан ескі жекеменшік тұрғын үйлердің телімдері дереу құрылыс алаңдарына айналуда.

ЖҰМЫС УАҚЫТЫНДА САУЫҚ ҚҰРҒАН

Облыстық әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаларын бұзған Есіл ауданы әкімі аппаратының жетекшісі Ержан Мұстафинге қатысты тәртіптік іс қаралды.