ҚАРА ЖОЛДА ҮЗІЛГЕН ӨМІР
“Темірден болар көлігің, темірден болар өлімің” деп осыдан үш ғасыр бұрын Майқы би айтқандай, талай адамның арманы қара жолда үзілді. Жыл басынан бері өңірімізде 150 жол-көлік оқиғасы орын алып, 33 адам қайтыс болыпты.
“Темірден болар көлігің, темірден болар өлімің” деп осыдан үш ғасыр бұрын Майқы би айтқандай, талай адамның арманы қара жолда үзілді. Жыл басынан бері өңірімізде 150 жол-көлік оқиғасы орын алып, 33 адам қайтыс болыпты.
Өткен демалыс күндері өңіріміздің тәртіп сақшылары Уәлиханов ауданының ен даласында адасып кеткен ресейлік азаматтарды іздеді. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Степногорскіден Ресейдің Омбы қаласына бет алған ерлі-зайыптылардың жоғалғаны туралы әйелдің әкесі хабарлаған. Жұма күні Омбыға жетуі тиіс қызы мен күйеу баласынан еш хабар ала алмаған Владимир Полтавец бір тәулік бойы жоғалғандарды өзі іздеген …
Петропавлда шахматтан облыс чемпионаты өтті. Үш күнге созылған бәсекеде қалалықтармен бірге Қызылжар, Мамлют, Уәлиханов және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандардан 50 шахматшы бақ сынады.
Ата-бабаларымыздан сақталып келе жатқан дәстүріміздің бірі – қонақжайлылық Қызылжар өңірінің халқына да тән. Мұны күнделікті демалып, ауқаттануға барған мекемелердің жанға жайлылығы мен даяшылардың қызмет көрсету сапасына қарап та аңғаруға болады. Бұрнағы күні өзінің қонақжайлылығымен тәнті етіп жүрген жергілікті мекемелердің үздігін анықтау мақсатында ұйымдастырылған “Қонақжай Петропавл” байқауы қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды.
Қызылжар ауданына қарасты Новомихайловка – экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендердің бірі. Төрт жүзден астам отбасы түгелге жуық жұмыспен қамтамасыз етілген. Әлеуметтік нысандар жұмыс істеп тұр. Шаруашылық басшылары тұрмысы төмен адамдар мен қарттарға үнемі қарайласып отырады.
Басты байлығымыздың бірі – орман қорының жағдайы әрбір саналы азаматты алаңдатпай қоймасы анық. Баршамызға ортақ ормандар бүгіндері жеке тұлғалардың ұзақ және қысқа мерзімді пайдаланылуына берілуде. Біздің инспекция орманды игілікке жаратушылардың әрекеттерін қатаң қадағалай отырып, табиғат ресурстарына зиян келтірілмеуін бақылайды.
Үстіміздегі жылдың сәуір айында интернетке облыс орталығындағы жекеменшік балабақшалардың бірінің тәрбиешісі балаларды серуендеуге шығарғанда жұлқылап, жерге құлатқанын көрсететін бейнежазба жарияланып, қоғам бір дүрліккен болатын. Қалалық білім бөлімі арнайы комиссия құрып, бүлдіршінге қол көтерген тәрбиеші жұмысынан қуылды. Ал бірнеше жыл бұрын Петропавлдағы тағы бір балабақшада жарақат алған 5 жасар сәбидің ата-анасы тәрбиешіден сот арқылы 105 мың …
Қазақстан Республикасының “Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы” Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. Қоғамдық кеңестің қызметі мен өкілеттілігін арттыру қарастырылған жаңа заң жобасы Достық үйінде өткен кезекті отырыста талқыланды.
Халыққа сөзбен емес, іспен көмектесу керек. Бұл сөздер облыстық мәслихаттың депутаты, “Құрмет” орденінің иегері Дәуіт Құдияровтың өмірлік ұстанымына сай келеді. Содан да шығар, ол азаматқа деген Горький ауылы тұрғындарының ықыласы ерекше.
Биыл қазақ зиялыларының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған азаттық күресін басқарып, саяси-әлеуметтік ұйымдық құрылымға айналған Алаш партиясы мен Алаш Орда үкіметінің құрылғанына – 100 жыл толып отыр.
Сарқылмас ақыл-парасат пен таусылмас мол өнеге-өсиеттің шырағы іспетті ақсақалды аталарымыз бен ақжаулықты әжелеріміз ешқашан ел құрметінен тыс қалған емес. Үстіміздегі жылы ауданымызда қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы “Аға буынға – лайықты құрмет” ұранымен өтті.
Солтүстікқазақстандық экспортшылар ауыл шаруашылығы өнімдерін халықаралық немесе облысаралық бағыттарда тасымалдауға қажетті рұқсат құжаттарын демалыс күндері ала алмауының себебінен шығынға ұшырап келеді. Бұл мәселе Ауыл шаруашылығы министрлігінің карантиндік, фитосанитарлық, ветеринарлық сертификаттарды, экспортқа рұқсат пен сараптама актісін беретін аумақтық құрылымдарына қатысты болып отыр.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” Жолдауында адами капитал сапасын жақсартуға баса назар аударып, ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиістігін атап көрсетті. Ол үшін білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру, оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет.
23 қараша күні Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында еліміздің өндірістік кәсіпорындарының “Қазақстандық өнім жасаймыз” атты форумы өтеді. Оған біздің өңірімізден “ТРИБО” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қатысады.
“Қызылжар-Ақпарат” ЖШС-нің директоры – бас редакторы Жарасбай Сүлейменовке:
Жастар сарайында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің кубогы үшін халықаралық көңілділер мен тапқырлар клубының фестивалі өтті. Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма ұйымдастырған шарада 11 команда сайысқа түсті. Оларға облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет сәттілік тіледі.
Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен кеше облыстық әкімдіктің кезекті отырысы өтіп, күн тәртібінде үш мәселе қаралды.