«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 23.11.2017

ЖАЗАДАН ЖЕҢІЛ ҚҰТЫЛДЫ

Биыл облыс орталығында екі күн қатарынан жастар арасында жанжал орын алған еді. Естеріңізде болса, бірінші күні зардап шегуші Ербол Хамитовқа травматикалық тапаншадан оқ атылса, екінші күні шолақ мылтықтан атылған оқ салдарынан 19 жастағы спортшы бір аяғынан айырылған еді. Бұрнағы күні бірінші күнгі оқиға бойынша айыпталушылар – Темірлан Бектас пен Қайрат Аушахмановқа қатысты үкім шығарылды.

ҮШІНШІ ОРЫНДА

Шайбалы хоккейден ел біріншілігінде өнер көрсететін солтүстікқазақстандық “Құлагер” сырт алаңда атыраулық “Бейбарыс” командасымен екі кездесу өткізді.

ОТАНЫҢ ЖЕҢІЛІ БОЛМАЙДЫ

“Хирургтің қолы – әйелдердікіндей нәзік, көзі – бүркіттікіндей өткір, жүрегі – арыстандікіндей айбатты болуы керек” деген нақыл сөз бар. Руслан Көшеков те отыз жылға жуық уақыт ішінде көптеген науқастың өмірін ажалдан арашалап қалған. Ол 1989 жылы Ақмола мемлекеттік медицина институтын тамамдаған. Оқуын аяқтағаннан кейін №3 қалалық ауруханада бір жыл интернатурадан өтіп, еңбек жолын №2 қалалық …

ОТАНЫҢ ЖЕҢІЛІ БОЛМАЙДЫ Read More »

БЕКЗАТ ӨНЕР Өңірімізде атадан қалған асыл кәсіп – зергерліктің дамуы жайлы бір үзік сыр

Шеберхана. Жұмысқа қажетті құрал-сайманнан басқа дүниені көзің шалмайды. Әнебір жерде бір-екі станок тұр. Екі үстелдің басына екі адам жайғасқан. Түрлері де бір-бірінен аумайды. Шамасы, әкелі-балалы болуы керек.

ЖАРҚЫН БЕЙНЕҢ ЖАДЫМЫЗДА

Бес күндік жалған дүниеде бәріміз де қонақпыз. Сұм ажал кәрі-жасқа қарамайды. Қайғының қара бұлты үйіріліп, өңіріміздге қадірлі азамат, өмірлік қосағым Сайлау Ғаббасұлынан айырылып қалғаныма да төрт жылға жуықтапты.

КӨЛІК ҚАТЫНАСЫ КӨҢІЛДЕН ШЫҚПАЙ ТҰР

Осыдан бірнеше жыл бұрын қаламызды тұрмыстық қатты қалдықтардан арылту мәселесі өзекті болған еді. Әр жерде үйіліп жататын қоқыстарды көргенде қаламыздың тұрмыс-тіршілігіне нұқсан келтіріп тұрған осынау келеңсіз жайттан қашан арыламыз деп ойға қалатынбыз. Бұл жөнінде қалалық әкімдікке тұрғындардың тарапынан шағымдар жиі түсіп жататын. Осы мәселе қала әкімі Марат Тасмағанбетовтің тұрғындар алдындағы есеп беру кездесулерінде де сан мәрте …

КӨЛІК ҚАТЫНАСЫ КӨҢІЛДЕН ШЫҚПАЙ ТҰР Read More »

ЕСЕПТЕУ ҚҰРАЛЫНЫҢ ПАЙДАСЫ

Үйлерінде орталықтан берілетін жылу қуатына есептеу құралдарын орнатқан петропавлдықтар қазан айында тұтынған жылу төлемінің бұрынғыдан азая түскенін байқап отыр. “СевКазЭнерго” акционерлік қоғамының мамандары көршілес тұрған бірдей көппәтерлі үйлердің жылу энергиясын тұтыну көлемін салыстыра отырып, ортақ есептеу құралдары бар баспана тұрғындары көп үнемділікке қол жеткізгендерін дәлелдеді.

БӘСІ ЖОҒАРЫ ЖАРЫС

Петропавл қаласында спорттық-балдық биден Еуразияның ашық кубогы өтіп, облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет қатысушыларға сәттілік тіледі.

ҚОЛЖЕТІМДІЛІК АРТТЫ

Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында “Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін оңтайландыру және оларды электрондық нұсқада ұсынудың мүмкіндіктері” тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.

КӨШІП КЕЛУШІЛЕР ҚАТАРЫ ҚАЛЫҢ Ішкі миграция саласындағы ережелерге түзетулер енгізу қажеттігін жергілікті тәжірибе айқын көрсетіп отыр

Ішкі көші-қон үдерісін үйлесімді реттеу, еңбек ресурстарының теңгерілімін қамтамасыз ету бағытында Үкімет тарапынан атқарылып жатқан кең көлемді шаралар облыста жүйелі жүргізіліп келеді. Бұл орайда, қалыптасқан іс-тәжірибелер, көшіп келген отбасыларға жасалып жатқан әлеуметтік көмектер республикада үлгі дер едік. Мұның өзі солтүстік өңірлердегі демографиялық ахуалдың түзеліп, жұмыс күшінің жетіспеушілігін шешері анық.

ӨТКІР ИНСУЛЬТ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына қосу міндетін қойып отыр. Демек, еліміздің денсаулық сақтау саласының қызмет көрсету сапасы да осы деңгейден табылуы қажет. Соның ішінде халықтың өмір сүру ұзақтығын 2020 жылға дейін 73 жасқа жеткізу – негізгі міндеттердің бірі.

ӨНЕРЛІ ӨРЕНДЕР

Өткен аптада Тайынша аудандық балалар өнер мектебінде жас өнерпаздардың ән кеші өтті. Шараға Әмина Жапар мен Әсел Ташмақанова сынды жас болса да, елге танылып үлгерген әншілер қатысты. Өнер мектебінде өткен бұл жиынға аудан әкімінің орынбасары Жанар Алданазарова келіп, бүлдіршіндерді ән байқауларындағы жетістіктерімен құттықтап, келешекте одан да жарқын жеңістер тіледі.

ЭКСПОРТ КӨЛЕМІ АРТЫП КЕЛЕДІ

ПремьерМинистр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында үш мәселе қаралды. Оның біріншісі – Қазақстанның экспорт жағдайы мен отандық компаниялардың сыртқы нарыққа шығуын ынталандыру болса, екіншісі – биологиялық алуантүрлілікті сақтау және оны орнықты пайдалану, үшіншісі – халықты әлеуметтік қорғау және еңбек саласын цифрландыру жайы болды.

МҰРАЖАЙ — ТҰНҒАН ТАРИХ

Халқымыздың “Өткеніңді білмейінше, болашағыңды болжай алмайсың” деген сөзі тегін айтылмаған. Мұражайлар халқымыздың өткен тарихын ақтара қарап, қазіргі күннің көкейкесті сауалдарына жауап іздейтін, кеше мен бүгінді жалғастырушы көпір іспетті. Өйткені, онда туған жеріміздің, өңіріміздің тарихымен етене танысу мүмкіндігі бар. Сондықтан мұражайларды ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту мекемесі, туған еліміздің асыл қазынасы дейміз.

КЕҢЕЙГЕН ӨРІС

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне Қытайдың Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы бойынша техникалық университетінің өкілдері келді. Кездесу барысында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Аспанасты елінің жоғары оқу орнына қарасты агрономия колледжі арасында меморандумға қол қойылды.

ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және Тәуелсіздік күндеріне арналған “Болашаққа сеніммен” фотокөрмесінің тұсаукесері өтті.