«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 30.11.2017

АЛЫСТАҒЫ АҢСАРЫМ

Менің алтын бесігім – Есіл ауданындағы Мектеп деген ауыл. Ауыл дегенде алыстағы аңсарымның әр үйі, көшесі санамда жаңғырып, асыр салып ойнаған кездерім есіме түседі. Анамның ыстық шайы, сары қаймағы, еркелеп аққан Есілдің жағалауы балалық шақтың ең тәтті кезеңдері іспетті. Ауылдың бар баласы жиналып, Есіл өзенінен балық аулаушы едік. Балалық шағымның бақытты және оның ауылда өткеніне …

АЛЫСТАҒЫ АҢСАРЫМ Read More »

КОМАНДАДА ТЕК ҚЫЗДАР

Тұңғыш Президент күніне орай Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектепте бесінші жыл қатарынан волейболдан қыздар арасында жарыс өтті.

ӨНЕГЕЛІ ӘУЛЕТ

Қалалық Мәдениет үйінде “Мерейлі әскери отбасы” байқауы өтіп, Петропавл мен Щучинск гарнизонының әскери бөлімдері жеке құрамдарының отбасылары өзара сынға түсті.

ҚАРИЯ — АҚЫЛЫ ТЕҢІЗ ДАРИЯ

Назарбаев Зияткерлік мектебінде “Отан отбасынан басталады” тақырыбында кездесу өтті. Шараға Қызылжар орталық мешітінің жанынан ашылған “Әжелер мектебінің” белсенді мүшелері, қаламыздағы бірнеше қазақ мектептерінің оқушылары мен ұстаздары қатысты.

ЖОМАРТ ЖҮРЕК

Қазақ жері елім деп еміренген жомарт жандарға бай. Қажет болса, туған ауылына балабақша салдырып, мешіт тұрғызып, қаржылай көмегін көрсетіп жататын жанашыр азаматтар біздің өңірде де баршылық. Осындай туған топырағының тамырына қан жүгіртіп, көркейіп-гүлденуіне өзіндік үлесін қосып жүрген азаматтардың қатарында Уәлиханов ауданындағы Көбенсай ауылының тумасы Виктор Вовкты да атауға болады.

ОРЫНДАЛҒАН АРМАН

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін атамекеннен жырақта жүрген қандастарымыз тарихи Отанына оралу мүмкіндігіне ие болды. Азаттықтың ақ таңы атқаннан кейін армандарына қол жеткізген ағайындардың бірі – Артықбай Нұрметовтің әулеті. Өнегелі отбасы Қызылжар ауданындағы Бәйтерек ауылына қоныстанған.

АЗАМАТ АЖАРЫ

Ауылдың негізгі күнкөрісі мал және егін шаруашылығы екені ежелден белгілі. Маңдай терді төгіп жұмыс істесең ғана, ризық-несібеңді аласың. Жерден ырыс тауып, мал шаруашылығынан құт көрген жерлестеріміздің ел игілігіне елеулі үлес қосып отырғаны көңіл қуантады. Жұмыстың ауыр-жеңіліне қарамай, таң атқаннан кешке дейін тынымсыз еңбек етіп жүрген жанның бірі – Қанат Бекенов.

БЕТКЕҰСТАР БАҒЫТ

Мемлекет басшысы еліміздің барлық салаларын, соның ішінде білімді дамытуға ерекше назар аударады. Ол өз Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруының басталғанын жария етті. Жаңғыру үдерісі мақсаттар мен міндеттерді, басымдықтарды, оларға қол жеткізу амалдарын айқын көрсетіп берді. Сол басымдықтардың бірі адами капитал сапасын арттыруды көздеген. Білім ел болашағы табыстылығының маңызды факторы екенін әр қазақстандық түсінуі тиіс. Бағдарламаны жүзеге …

БЕТКЕҰСТАР БАҒЫТ Read More »

ӘСЕРЛІ КЕЗДЕСУ

Қазақстан – көпэтносты мемлекет. Ұлттың ұйысуының арқасында елімізде тыныштық, бастысы береке бар. Осынау береке бесігінде тербелген халықтың жайлы өмір сүруі үшін де, жақсы жұмыс істеуіне де барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Мен сол мүмкіндікті пайдаланған бақытты жанның бірімін.

ТЫНЫШТЫҚТЫҢ ТІРЕГІ

Ел Тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап тыныштық пен қауіпсіздік күзетінде тұрған Ұлттық ұлан өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып келеді.

АУАСЫ КЕҢ АТАЖҰРТ

Тимирязев ауданындағы Құртай ауылдық округінің жері біздің арғы атамыз Құртай Қартанбайұлының қыстауы, ал Шал ақын ауданындағы Ұзынжар ауылдық округіндегі Құртай ауылының жері сол кісінің жайлауы болған екен. Бірі – қыстау, бірі жайлау болған жерлер осы өңірдегі бір құйқалы, шөбі шүйгін, оты мол аймақ болатын. Аталарымыз бұл жерлерді ежелден жайлағандықтан ел ішінде “Құртай” атанып кетуі де …

АУАСЫ КЕҢ АТАЖҰРТ Read More »

МЕРЕКЕГЕ АРНАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің облыстық филиалында “Ашық есік күні” өтті. Тұңғыш Президент күніне орайластырылған бұл көрмеге келушілер еліміздің банк жүйесінің даму тарихымен, бұрын қолданыста болған ақша түрлерімен танысты.

СЫРЛЫ СУРЕТТЕР

Облыстық мұрағатта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Солтүстік Қазақстан облысына жасаған сапарлары жайлы құжаттар мен ерекше сәттері бейнеленген фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылды. Суреттер ауыл шаруашылығы саласының майталманы, Қазақстанның Еңбек Ері, марқұм Геннадий Зенченконың жеке қорынан алынған.

ӨМІРІМНІҢ НҰРЛЫ СӘТТЕРІ

Туған жер туралы шағын әңгімемді қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, сырбаз жазушы, зор парасат иесі, әйгілі жерлесіміз Сафуан Шаймерденовтің – менің Сафағамның “Қарғаш” повесінен үзіндімен бастағым келеді.

ДОСТЫҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

Алдымыздағы жылға белгіленген Қазақстан мен Ресей елдерінің XV өңіраралық ынтымақтастық форумы Петропавл қаласында өтеді. Еліміздің солтүстік қақпасы саналатын қаламызға жүздеген қонақ ат басын тірейді. Қала төрі екі елдің, бірнеше өңірдің сұхбат алаңына айналмақ.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ — АБЫРОЙЛЫ ІС

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде: “Мен елімнің Прези­ден­ті ретінде қоғамдық тұрақтылықты және ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуді өзімнің басты міндетім деп санаймын. Бірлік аспаннан өзі келіп түспейді, тек қарқынды жұмыс арқылы ғана келеді. Мен кең-байтақ жерімізде татулық пен тыныштық болғанын тілеймін. Мұның, ең алдымен, миллиондаған қазақстандық отбасына керек екенін еске аламын. …

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ — АБЫРОЙЛЫ ІС Read More »

ҚАСИЕТІҢНЕН АЙНАЛДЫМ, ҚЫЗЫЛЖАРЫМ!

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты бағдарламалық мақаласында Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтарын халық санасына сіңірудің ерекше маңыздылығын айтқан болатын. Осыған орай, Қазақстанның жалпыұлттық деңгейдегі қасиетті орындары мен кешендерінің толық тізімі жарияланды. Қазақ халқының тарихынан елеулі орын алатын Қазақстанның 100 қасиетті орыны мен кешенінің қатарына Қызылжар өңірінен 6 нысан енді.

ТЕРІСКЕЙЛІКТЕР ТАҢДАУЫ

Дамудың даңғыл жолына түскен еліміздің атағы бүгінде шартарапқа белгілі. Шекарамыз берік шегенделіп, тұрақтылық пен тыныштық салтанат құрған. Бұл – Елбасымыздың ерен еңбегінің, осыдан 26 жыл бұрын оны ақ киізге көтеріп, тағдырын табыстаған халқының сенімінің нәтижесі. Сол күннен бері Президентіміздің жан-жақты ойластырылған шешімдері Қазақстанды алға бастап келеді.

АУДАННЫҢ АЙШЫҚТЫ БЕЛЕСІ

Облыс орталығынан шалғайда орналасқан Айыртау топырағы – қазақтың ән әлемінде шоқжұлдыздай жарқыраған, дарқан даланы домбыраның үнімен тербеткен Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Біржан сал сияқты толағай тұлғалардың мекені. Ұлттық музыка өнерінде айшықты қолтаңбаларын қалдырған небір сайыпқырандардың туған жерінің әлеуметтік-экономикалық ахуалы жыл өткен сайын жақсарып келеді. Оған жақында іссапармен Айыртауға барғанымызда аудан әкімі Ағзам Тастеміровпен әңгімелесу барысында …

АУДАННЫҢ АЙШЫҚТЫ БЕЛЕСІ Read More »

АШЫҚТЫҚ — ТИІМДІЛІК КЕПІЛІ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “100 нақты қадам” Ұлт жоспарында ашық әрі есеп беретін мемлекет құру қажеттігін айтқан болатын. Осыған орай өңірімізде облыстық әкімдік “Ашық есік күнін” өткізді. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың бастамасымен алғаш рет ұйымдастырылып отырған бұл шара Петропавл қаласында ғана емес, барлық аудандарда өтті.