ТІЛ ЖАНАШЫРЫ
Астанада “Тіл жанашыры – 2017” республикалық байқауының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл құрметті атаққа Солтүстік Қазақстан облысынан танымал кәсіпкер, қазақ тілі мен өнерінің қамқоршысы Жомарт Омаров ие болды.
Астанада “Тіл жанашыры – 2017” республикалық байқауының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл құрметті атаққа Солтүстік Қазақстан облысынан танымал кәсіпкер, қазақ тілі мен өнерінің қамқоршысы Жомарт Омаров ие болды.
Жуырда Ақжар ауданындағы шаруа қожалығынан құны 1,5 миллион теңге тұратын асылтұқымды жылқы ұрланды. Жедел-іздестіру шарасы барысында бұл қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Ақмола облысының үш тұрғыны ұсталды. Бүгінде аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қызылжарлық ақынТоқтар Зікіриннің жаңа жинағы жыр сүйер қауымға жол тартты.
Тұңғыш Президент күні Тайынша қаласында 12 отбасы жаңа баспанаға көшіп, қоныс тойын тойлады.
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында “Жалынды жастар жырлайды” ұранымен облыстық жас ақындар айтысы өтті. Мәдениет және білім басқармалары ұйытқы болып, биыл ғана ашылған облыстық жас ақындар орталығы ұйымдастырған сөз сайысына Қызылжар мен Көкшетау өңірлерінің 11 ұланы қатысты.
Жуырда облыстық кәсіпкерлер палатасында жергілікті кәсіпкерлерге “zoodmall.кz” бөлшек сауданың электрондық алаңы таныстырылып, оны қолдану бойынша бизнес-семинар өткізілді.
1991 жылдың бірінші желтоқсаны – Қазақстанның тарихында алтын әріптермен жазылатын айрықша дата. Бұл күні күллі қазақ жұрты жалпыхалықтық сайлау барысында тарихи таңдау жасап, ел тағдырын Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевқа тапсырған болатын. Бұрнағы күні облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өткен “дөңгелек үстел” отырысында Елбасымыздың мемлекет құрудағы батыл істері тақырыпқа арқау болды.
Петропавлда “Қайырымды жан – 2017” байқауының қорытындысы шығарылды. Облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет өңіріміздің қайырымдылықпен айналысып жүрген қолы ашық жандарын марапаттады.
Петропавлда “100 нақты қадам” Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында Құқық қорғау қызметтері орталығы өз жұмысын бастады. Оның ашылу салтанатына облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.
Тұңғыш Президент күні қарсаңында облыс орталығында көпқабатты екі тұрғын үй пайдалануға берілді. Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Құмар Ақсақалов баспана иелеріне пәтер кілттерін табыс етіп, қоныстойларымен құттықтады.