ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БІЛЕ МЕ?
Жыл басынан бері облыста жол-көлік оқиғасы салдарынан 33 бала зардап шекті. Полиция қызметкерлері өрендерге жолда жүру ережелерін түсіндіруді жалғастыруда.
Жыл басынан бері облыста жол-көлік оқиғасы салдарынан 33 бала зардап шекті. Полиция қызметкерлері өрендерге жолда жүру ережелерін түсіндіруді жалғастыруда.
Петропавлдағы Ұлттық ұлан әскери институтында кикбоксингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, Азия чемпионы Азамат Нұрпейісовті еске алуға арналған қоян-қолтық ұрыстан сайыс өтті.
Ата-бабаларымыздың асқақ арман-мұратын, қуанышы мен күйінішін арқалап, замана көшімен бүгінге жеткен дәстүрлі ән өнері – халқымыздың мерей тұтып, мақтаныш етер асыл мұрасы, ұлттық рухымыздың жаршысы. Рухани жәдігерлердің ішінде қазақ жұртының намысы мен рухын, тарихын, жан дүние сұлулығын, мейірімін, ізденісі мен махаббатын, іңкәр ықыласын бүгінгі ұрпақтың еншісіне жеткізіп отырған да осы ән өнері.
С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Дәстүрлі ән – халық мұрасы” атты семинар өтті. “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен шараға аудандардан мәдениет саласының қызметкерлері мен дәстүрлі әншілер қатысты.
Халқымыз “Шын жүйрік шабысынан танылады” деп бекерге айтпаған ғой. Бүгіндері белгілі қаламгер Төлеген Қажыбай 1963 жылы “Жол басы” деген тұңғыш кітапшасында, небәрі 21 жасында:
Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, облыстық жастар ресурстары орталығы бірлесіп “Менің Қазақстаным, менің сүйікті өлкем” зияткерлік ойынын өткізді.
Қызылжар өңірінде Мырзекеңді білмейтіндер кемде-кем шығар. Мырзекең деп айтып отырғанымыз – Мырзахан Едіресов ағамыз. Ол – мұндай құрметке әбден лайық. Бүгінде жетпістің қырқасына көтеріліп, еліне елеулі, халқына қалаулы атанған асыл жан жайлы көп айтуға болады. Біз туған жеріне сіңірген сан қырлы істерінің кей тұстарына ғана тоқталып өткенді жөн көрдік.
Халқымызда “Білекті бірді, білімді мыңды жығады” деген аталы сөз бар. Жастар – еліміздің келешегі, ал білімді жастар – мемлекетіміздің жарқын болашағы деп Елбасымыздың өзі айтқандай, қазір білім мен ғылымның, технологияның дамыған заманы. Бүгінгі қоғамда білімнің салтанат құруы – уақыт талабы. Сондықтан білімге ұмтылған жастардың қиялын ұштап, қабілетін шыңдауда Назарбаев Зияткерлік мектебінің алатын орны ерекше.
Қазақстан Республикасының “2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” Заңының жобасына сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға өзгерістер енгізіледі. Атап айтсақ, жасы бойынша және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері қолға алатын мөлшерден – 8 пайызға, ал еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүргізілетін әлеуметтік …
Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” деп аталатын бағдарламалық мақаласы санада сілкініс туғызуға бағытталған сан-салалы жұмысқа тың серпін берді.
Айыртау аудандық сотында ақсақалдар кеңесінің ұйтқы болуымен “Медиация – бітімгершілік бастауы” тақырыбында өткен “дөңгелек үстелде” елді ортақ мақсат-мүддеге жұмылдыруда аға буын өкілдерінің байламына тоқтап, дауласқан тараптар мәмілеге келіп отырғандығы сөз болды. Шараға аудандық құқық қорғау саласының қызметкерлері де қатысты.
Алаш зиялыларының 20-шы жылдардағы ағартушылық саласындағы қызметі қым-қиғаш тартыс, “идеялық күрес” жағдайында өтті. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында алаш қозғалысының зиялылары басымдылық жағдайда болғаны белгілі. Ол туралы алаш қозғалысын зерттеушілердің бірі Хасен Оралтай Түркияда жарық көрген “Алаш-Түркістан түркілерінің ұлтазаттық ұраны” атты еңбегінде: “Алашшылар, яғни қазақ түріктерінен шыққан ұлтшыл азаматтар, өлкедегі маңызды қызмет орындарын өз қолдарына алып, …
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев “Болашаққа бағдар – ұлттық жаңғыру” атты мақаласында “Туған жер” бағдарламасын қолға алуды ұсынды ғой. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы бағдарламаның неге “Туған жер” деп аталатынына тоқталды.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті бюджет қаражатының, мемлекеттің және квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің, байланысты гранттардың, мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыздардың, соның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген қызмет бюджетінің орындалуы мен басқарылуын талдау және бағалауды жүргізеді.
Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасымен өңіріміздегі бизнес құрылымдарының, “Атамекен” ҰКП-ы мен мемлекеттік органдардың өкілдері өндіріс нарығындағы және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің сатылуындағы негізгі проблемаларды талқылау үшін бас қосты.
“Еңбек еткеннің несібесі мол” демекші, тынбай жұмыс істеп, ортасына шеберлігімен, елгезектігімен танылған азаматтар арамызда аз емес. Арман Сәрсекеев – сондай жандардың бірі.
Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында өткен кезекті баспасөз мәслихатында “Qamqor” мобильдік қосымшасы мен әкімшілік-құқықтық бұзушылықтардың бірыңғай тіркелімі тақырыбында әңгіме өрбіді.
Тұңғыш Президент күні қарсаңында Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғындары қос қуаныштың куәсі болды. Жерлесіміз Есембек Құдайбергенов “Шаңырақ” атты дүкен ашса, Нұршат Нұрбақыт лағман асханасын іске қосты.
Облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы іскер әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен “Дамудың жаңа көкжиектері” тақырыбында конференция өтті. Оның барысында нәзік жандар арасында кәсіпкерлікті кеңейтіп, осы бағыттағы жұмысты барынша қолдау мәселесі әңгіме өзегіне айналды.
Елбасының “Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” Жолдауы еліміздің қарқынды дамуына жаңа серпін берді. Стратегиялық құжат халықтың әл-ауқатын арттыруға жол ашып, Қазақстан экономикасын жаңа белеске жетеледі. Алмағайып замандағы жаһандық сын-қатерлерге жауап беретін Жолдауды жүзеге асыру – еліміздің әрбір тұрғыны үшін маңызды. “Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске …