«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қаңтар 31, 2019

ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА ЕНЖАРЛЫҚ БАР

Облыстық әкімдікте өңір басшысының орынбасары Дәурен Жандарбектің қатысуымен индустриялық-инновациялық даму, кәсіпкерлік және туризм басқармаларының кеңейтiлген алқа мәжілісі өтті. Онда 2018 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, үстіміздегі жылға белгіленген міндеттер талқыланды.

ІСКЕР ӘЙЕЛДЕРДІҢ ӘЛЕУЕТІ ЗОР

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада өткен жиында “Еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі әйелдердің орны мен рөлі” тақырыбы әңгіме өзегіне айналды. Шараға облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет қатысты.

ТИІМДІ ТЕТІК

Мемлекеттің кадрлық пәрменділігін дамытудың және нығайтудың қағидаттары мен бағыттарын, негізгі тетіктерін анықтайтын тиімді кадрлық саясат – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін, оның экономикасы мен азаматтарының әл-ауқатын көтерудің шешуші факторы болып саналады. “Жаңа экономикалық реформалардың локомотиві – кадрлар”, – деп атап көрсеткен болатын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

ЖЕҢІЛ ЖАЗА САБАҚ БОЛА МА?

Облыстық әкімдікте өңір басшысының бірінші орынбасары Айдарбек Сапаровтың қатысуымен кеңейтілген отырыс өтіп, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстарының барысы талқыланды.

СОТ АРҚЫЛЫ РАСТАУ ҚАЖЕТ

Газетіміздің WHATSAPP нөміріне Қызылжар ауданындағы Новоникольск ауылының тұрғыны Жадыра Хамзинадан хат келген болатын. “Мен ауылда 29 жыл бойы сауыншы болып жұмыс істеп, 2006 жылы зейнетке шықтым. 2018 жылдың шілде айынан бастап зейнетақы көтерілгенде, алашағым еңбек өтіліме қарай 13 мың теңгеге өседі деп үміттендім. Алайда, маған 8 мың теңге ғана қосылды. Неге екенін білу үшін тиісті …

СОТ АРҚЫЛЫ РАСТАУ ҚАЖЕТ Read More »

АҚЖАРҚЫН АЗАМАТ ЕДІ

Адамның өмірі қамшының сабындай тым қысқа. Сондықтан дүние есігін ашқан әрбір пенде күнделікті атқарған игілікті істерімен, тәлім-тәрбие берген саналы ұрпағымен ғана артына өшпес із қалдыра алады. Осындай ұмытылмас абзал азаматтардың қатарына он жыл бұрын о дүниелік болған Қайыркеш Исманов ағамызды да жатқызуға болады.

“ӘР БАЛА – БІР ЖҰЛДЫЗ”

“Әр бала – бір жұлдыз” кең көлемді білім беру жобасының аясында Петропавл қаласындағы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің инновациялық алаңдарында сала мамандарына арналған практикумдар өтті. Бұл шараға Білім және ғылым министрлігінің Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық академиясының орта білім мазмұнын әдістемемен қамтамасыз етуді үйлестіру орталығының директоры Қарлығаш Құдабаева қатысты.

Солтүстік Қазақстан облысының 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алдымызға қойған негізгі міндеттердің жүзеге асырылуы облыс экономикасының серпінді дамуына дем берді. Нәтижесінде өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері оң өсім көрсетті.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

“Радуга” ЖШС-і бастауыш партия ұйымының мүшелері “Нұр Отан” партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасының жобасын талқылады. Басым бағыттардың қатарында цифрландыруды және “қарапайым заттар экономикасын” дамытуды атап өтті.

“ГАЗЕТ — ХАЛЫҚТЫҢ КӨЗІ, ҚҰЛАҒЫ ҺӘМ ТІЛІ”

“Soltustik Qazaqstan” газеті алғаш 1920 жылдың ақпанында “Кедей сөзі”, кейіннен “Бостандық туы”, “Кеңес ауылы”, “Ленин туы” деген атаулармен шығып, содан бері туған еліміз бен халқымыздың тарих-тағдырымен сабақтас жарық көріп келеді. Келесі жылы ғасыр жастың төріне озғалы отырған басылым алғашқы күннен бастап ұлт жанашырына, қоғам жаршысына, оқырманның рухани серігіне айналды. Сондықтан да елмен бірге жасауда. Мағжан …

“ГАЗЕТ — ХАЛЫҚТЫҢ КӨЗІ, ҚҰЛАҒЫ ҺӘМ ТІЛІ” Read More »