Облыс орталығындағы Жамбыл және Абай көшелерінің қиылысында жол апаты орын алды. Жол талғамайтын “Лексус” көлігінің жүргізушісі Абай көшесімен келе жатып бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Нәтижесінде “Тойота Камри” маркалы автокөлікке соғылған. Оқиғаның салдарынан зардап шеккен бес адамның біреуі ауруханаға жеткізілді.
Нұрбек БАЕКИН, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.