«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЙЫНШАЛЫҚТАР ТОП ЖАРДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласында 2002-2004 жылдары туған жасөспірімдер арасында еркін күрестен облыс біріншілігі мәресіне жетті. Оған Петропавл қаласы мен аудандардан 100-ден астам жас балуан қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында Тайынша ауданындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері жеңістің биік тұғырына көтерілді. Ал Мамлют пен Қызылжар аудандарының өкілдері екінші және үшінші орындарды еншіледі.

Нәзік жандар арасында Мамлют ауданының қыздары топ жарды. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан екінші болса, Қызылжар ауданы үздік үштікті түйіндеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, кубоктармен және медальдармен марапатталды.

Облыстық чемпионатта үздіктер қатарынан көрінген жас спортшылар үстіміздегі жылдың наурыз айында Талдықорған қаласында өтетін ел біріншілігінде өнер көрсететін болады.

Дулат ҚОЖАХМЕТОВ, “Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp