«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТИІМДІ ТЕТІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекеттің кадрлық пәрменділігін дамытудың және нығайтудың қағидаттары мен бағыттарын, негізгі тетіктерін анықтайтын тиімді кадрлық саясат – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін, оның экономикасы мен азаматтарының әл-ауқатын көтерудің шешуші факторы болып саналады. “Жаңа экономикалық реформалардың локомотиві – кадрлар”, – деп атап көрсеткен болатын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемле­кет­тің кадрлық саясатын жаңғырту ісі “Қазақстан – 2050” Стратегиясының басымдықтарының бірі ретінде қаралып отыр. Сындарлы кадрлық саясатсыз мемлекет алдына қойылған міндеттерді табысты іске асыру мүм­кін емес. Өйткені, кадрлар – барлық әкім­­шілік, экономикалық және әлеу­меттік реформалардың қозғаушы күші.

Қазақстандағы мемлекеттік қызмет саласындағы реформа басқарудың командалық-әкім­­шілік жүйесін жоюдан бас­талып, құқықтық, демок­ра­тия­лық мем­ле­кеттің жаңа моделін құру­ға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асы­рылуда. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының аясында жаңа кадрлық саясатқа негізделген мемлекеттік қызметті одан әрі жетілдірудің шаралары қарастырылған. Осы мақсатта мемлекеттік қыз­меттің жаңа тұжырымдамасы қабылданған болатын. Мемлекеттік қызмет сала­сын­дағы этикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылау күшейтілді. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамада мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп талаптарын сақтауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқың жөніндегі нормалар қарастырылды. Заңсыз кадрлық шешімдер үшін (адамдарды мемлекеттік лауазымдарға заңсыз тағайындау немесе шығару, мем­лекеттік лауазымдарға ор­на­­ласуға конкурстар өткізу тәр­тібін бұзу, заңсыз тәртіптік жаза беру) мемлекеттік орган­дар басшыларының дербес жауап­кер­шілігі қарастырылды. Мемлекеттік қызметшілерді оқыту жөніндегі тәсілдер жетілдірілді.

Мемлекеттік қызметке орналасу үш кезеңдік кон­ку­рстық іріктеуден тұрады. Үміткер тестілеу, жеке қа­сиет­терін бағалау және мемле­кет­­тік органдағы әңгімелесуден өткеннен кейін алдымен төменгі лауазымға орналастырылады. Тестілеудің бағдарламасымен kjzmet.gov.kz сайтында танысуға болады. Былтыр облысымызда 2267 адам тестілеуден өтті. Олардың 56 пайызы өз білімдерін дәлелдеді, бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 9 пайызға жоғары. Сонымен бірге, өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап құқық қор­ғау қызметіне алғаш алынатын азаматтар да тестілеуден өтуі тиіс. Конкурстан сәтті өткендер үшін тәлімгерлерді бекіте отырып, үш айдан алты айға дейін сынақ мерзімі белгіленеді. Мемлекеттік қызметшілердің мансаптық жоғарылауы тек конкурстық негізде ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте, біліктіліктен өзге, төменгі лауазымдардағы жұмыс өтілі талап етіледі. Мемлекеттік қызметке тұру құзыреттілік және конкурстық тәсілдің қағидаттарын енгізу бос лауазымға кандидаттарды сапалы іріктеуді, олардың кәсіби дамуға практикалық бағдарлануын және мемлекеттік қызметтегі мери­ток­ра­тияны нығайтуды қамтамасыз етеді. Басшы лауазымдар үшін көшбасшылық пен стратегиялық ойлау қасиеттері ескеріледі. Өткен жылы 1262 адам өздерінің жеке қасиеттерін тексеруге қатысты. Заңнамаларды білу тестілеуінің сертификаты мен жеке қасиеттерін бағалау тұжырымдамасын алған соң кандидат бос орындар конкурсына қатысуға, өзі жұмыс істегісі келетін мемлекеттік органды таңдап алуға құқылы. Бос орындар туралы конкурстың мәтіні Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайтында тұрақты түрде жарияланып тұрады.

Жоғарыда аталғаннан басқа шетелдік менеджерлерді тарту мүмкіндігі заңнамалық тұрғыда енгізілді. Бұл мемлекеттік қызметшілердің қосымша біліктілікті игеруіне мүмкіндік береді әрі олардың кәсіби дүниетанымын кеңей­теді. Нақты нә­ти­же­лерге бағытталған мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау­дың жаңа әдістемесі бекітілді. Қызметтік әдепті сақ­тау бойынша мемлекеттік қыз­мет­­шілерге қойылатын негізгі талаптар белгіленді. Этикалық мінез-құлық өлшемдері мем­ле­­кеттік қызметшілердің жаңа Әдеп кодексінде бекітілді. Бұл мәсе­ле­лерді үйлестіру әдеп жөніндегі уәкілге жүктелді. Жоғарыда аталған барлық шаралар меритократия, транс­па­ренттілік, кәсібилік, тиімділік және нәтижелілік қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызметтің жаңа моделін қалыптастыруға ықпал ететін болады.

Данияр БАСЫҒАРИН, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp