«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ ЖАЗҒЫ” ҰБТ ҚАШАН ӨТЕДІ?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жоғары оқу орнына түсуге арналған іріктеу емтиханы – Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш қабылдау басталды. ҰБТ өткізу мерзімі 20 маусым мен 5 шілде аралығына белгіленді. Тестілеуді өткізу талаптары мен форматы бұрынғыдай. Талапкер өз таңдауы бойынша қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде міндетті пәндерден, яғни, Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, сауатты оқудан және екі бейіндік пәндерден тестілеу тапсырады. Ең жоғары ұпай – 140.

Тестілеуге қатыспаған жəне шекті ұпай жинай алмаған талапкерлер тамыз айында ҰБТ тапсыра алады. Оған өтініштер 25 шілде мен 3 тамыз аралығында қабылданады, тестілеу 17-20 тамыз күндері өтеді. Ал 10-20 шілде аралығында білім беру грантын алуға арналған конкурсқа өтініштер қабылданады, дейді Ұлттық тестілеу орталығының М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіндегі филиалының басшысы Жанар Жабағина.

Гранттарды тағайындау 31 шілдеге дейін аяқталады.

Конкурс өткізу кезінде ұпай саны бірдей болғанда “Алтын белгі” иегеріне, жалпы бiлiм беретiн пəндер бойынша халықаралық олимпиадалардың соңғы үш жылдағы жеңімпаздарына, таңдаған мамандықтарға сәйкес келетін пәндер бойынша президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының үстіміздегі жылдың жеңiмпаздарына, жетiм және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, бірінші жəне екінші топтардағы мүгедектерге басым құқық беріледі. Бейіндік пəндер сəйкес келген жағдайда оқуға түсуші төрт мамандық арасында таңдау жасай алады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp