«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 03.06.2019

«АҚЫН ЖҮРЕКТІ ҚАЙРАТКЕР» – ЕРБОЛ ШАЙМЕРДЕНОВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ШАРА

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде журналист,  ақын Ербол Шаймерденұлын еске алуға арналған “Ақын жүректі қайраткер”  атты “дөңгелек үстел” отырысы өтті. 

ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДА ҚЫЛМЫС АЗАЙДЫ

Петропавлдықтар жалға берілетін пәтерлерде болатын көңілді отырыстардан,  мотоцикл жүргізушілерінің түнгі серуенінен мезі болған.   Пәтер иелері кооперативтерінің төрағалары күзет құрылымдарының, жылжымайтын мүлік агенттіктерінің, жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің, жұртшылықтың қатысуымен өткен жұмыс кездесуі кезінде  аталған мәселелерді көтерді.   Кездесуде  өңірде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Тәртіп сақшылары ұрлы

КІТАПХАНАШЫЛАР ФЕСТИВАЛІ

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Рухани қазына” өңірлік байқауы өтті. Оның қорытындысы бойынша Есіл ауданының Николаевка ауылдық кітапханасының ұжымы бірінші орынды иеленді. Ауданымыздың атынан сынға түскен Гүлнәр Жұмағалиеваның еңбегі жанып, ол үздік кітапханашы атанды. 

САЯЖАЙ АЛАБЫ ТАЛАПҚА САЙ БОЛУЫ ТИІС

Облыстық әкімдікте өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалық етуімен Петропавл қаласындағы саяжай алабын дамыту және “Уақытша отбасы” қанатқақты жобасын жүзеге асыру мәселелері бойынша отырыс өтті. Оған селекторлық режімде аудан әкімдері, басқармалар және ведомстволық мекемелер басшылары қатысты. 

ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Петропавл қаласындағы бірінші қалалық жалпы білім беретін IT-лицейдің оқушылары Нұр-Сұлтан қаласында физика және математика пәндерінен өткен республикалық олимпиададан жүлделі оралды.

ҚУАНЫШҚА ТОЛЫ КҮН

Халықаралық балаларды қорғау күні облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті. 

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ ЕСКЕРІЛЕДІ

Облыстық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларымен және тұрғындармен кездесіп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелерін талқылады.  

ТАЛПЫНҒАН ЖЕТЕР МҰРАТҚА

Өткен оқу жылында өңіріміздің 17 мектебінде қанатқақты жоба ретінде кәсіпкерлік негіздері пәні оқытылған болатын. Кәсіп ашудың қыр-сырын үйренген балалар уақыт оздырмай білгендерін іске асыра бастады.

ШЕКАРАШЫНЫҢ ЕРЛІГІ

Петропавл шекара жасағына қарасты “Бидайық” өткізу бөлімшесінің әскери қызметшісі Сергей Гайдай суға батып бара жатқан жүкті әйел мен оның 5 жасар баласын құтқарып қалды.

ИГІ БАСТАМА

Биыл алғаш рет қасиетті Рамазан айында Қызылжар орталық мешітінде “Зекет” қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен жүзге жуық жанға азық-түлік себеттері үлестірілді.

ЖҰМЫС ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРАДЫ

Облыстық полиция департаменті жанындағы консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өтіп, бұрын сотталғандармен және шартты түрде босатылғандармен тәрбиелік жұмыс жүргізу мәселесі кеңінен талқыланды.

БАҚЫТ ҚҰШАҒЫНДА

Халқымыз қашанда ұрпақ тәрбиесіне баса мән берген. “Бала тәрбиесі бесіктен”, “Қарағайға қарап тал өсер, құрбысына қарап бала өсер”, “Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын” деген сияқты қанатты сөздер елдің бақытты болашағы – жас өрендерге, олардың дұрыс тәрбиесі мен біліміне байланысты екенін дәттей түседі.

ЕРЕЖЕ САҚТАУ – ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ

Тәртіп сақшылары жазғы демалыс уақытында жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған шаралар науқанын “Жүргізуші, біз демалысқа шықтық!” акциясымен бастады. Оның аясында оқушылар қала көшелеріне шығып, жүргізушілерді жолда жүру ережесін сақтауға және абай болуға шақырды.

ЖӘРДЕМАҚЫ КӨЛЕМІ АРТТЫ

Жуырда “Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы” Заңға өзгерістер енгізілді. Атап айтатын болсақ, мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 30 пайызға көбейді.

МЕЖЕГЕ ТАЯУ

Өңір егіншілері көктемгі егіс жұмыстарын аяқтауға жақын. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары атап өткендей, бүгінгі таңда жергілікті агроқұрылымдар 2,760 мың гектар егіс алқабының 2,474 мың гектарына бидай сіңірген. Ал 1 миллион гектар алқапқа майлы дақылдар себу жұмыстары 91,8 пайызға аяқталды. Мал азығын дайындау ісі де ойдағыдай жүргізілген. Яғни, 126,6 мың гектар алқапқа біржылдық және көпжылдық …

МЕЖЕГЕ ТАЯУ Read More »

ҚОС ҒАСЫРДЫҢ КУӘСІ

Ерең еңбектің үлгісін көрсетіп, кеуделеріне “Ленин”, “Еңбек Қызыл Ту” ордендерін жарқырата таққан Серғазы Нұрахметов, Қапсан Қазиев, Совет Ибраев, Кеңес Мұғалімов, Социалистік Еңбек Ері Әбу Сыздықов сияқты азаматтардың ыстық мекені – Аққайың ауданындағы Аралағаш ауылын қасиет тұнған топырақ дерсің. Техника ғылымдарының докторы Қайырбек Оразов, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері Таңат Сағындықов, термеші, жыршы, …

ҚОС ҒАСЫРДЫҢ КУӘСІ Read More »

ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ БЕРІЛЕДІ

Бүгінгі таңда мемлекеттік билік пен кәсіподақтар әлеуметтік әріптес ретінде азаматтардың мәселелерін оңтайлы шешуді жүзеге асыруда. Кәсіподақтарды ұйым ретінде нығайту және одан әрі дамыту, оған мүше азаматтар санын көбейту – басты міндеттердің бірі. Осыған орай 2018 жылы мамыр айында республикалық “SENIM” денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы құрылды. Бүгінгі күні оған жеті мың …

ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ БЕРІЛЕДІ Read More »

ӘРІПТЕСТІК НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Өңірімізге Өзбекстан Республикасының Хорезм облысы басшылығы мен кәсіпкерлерінен құралған делегация келді. Облыстық әкімдікте екі өңір арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған кездесу өтті. Жиында облыс әкімі Құмар Ақсақалов елімізде шетел инвесторлары үшін қолайлы жағдай жасалғанын айтып, меймандарды өңірдің экономикалық әлеуетімен таныстырды.