САЙЛАУДЫҢ ӘДІЛ ӨТУІНЕ МҮДДЕЛІ
Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен брифингте сайлау науқанына қоғамдық мониторинг жүргізу мақсатында құрылған “Аманат” азаматтық платформасының кезеңаралық жұмысы талқыланды.
Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен брифингте сайлау науқанына қоғамдық мониторинг жүргізу мақсатында құрылған “Аманат” азаматтық платформасының кезеңаралық жұмысы талқыланды.
Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының ұйымдастыруымен «Әлемге жақсылық сыйла» атты бал өтті. Қайырымдылық шарасы барысында жиналған 3 миллион теңгеден астам қаржы ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған арбалар мен есту аппараттарын сатып алуға жұмсалды. Сондай-ақ 3 балаға ақшалай көмек көрсетілді.
Облыс орталығында №8 бағытындағы автобус полицейлердің патрульдік көлігіне соғылды.
Мемлекеттік рәміздер күніне орай облыс орталығы мен барлық аудандарда “Мен патриотпын” патриоттық-спорттық акция ұйымдастырылды.
Жаз басталғалы бері өңіріміздің су қоймаларында қайғылы фактілер тіркелуде. Осы орайда, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте жаз айларында судағы оқыс оқиғалардың алдын алуға арналған баспасөз мәслихаты өтті.
Петропавл қаласындағы жалпы білім беретін бірінші лицейдің оқушылары Нұр-Сұлтан қаласында физика және математика пәндерінен өткен республикалық олимпиададан жүлделі оралды.
Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселелердің бірі. Суға шомылу маусымы әлі басталмағанымен, құтқарушылар бұл кезде орын алатын келеңсіздіктердің алдын алу жұмыстарын жүргізуде.
Отан алдындағы борышты өтеу – әрбір ер-азаматтың қасиетті міндеті. Қазіргі күні жастар болашақ мамандықтарын таңдау үстінде. Мемлекеттік шекара қызметі жас, батыл әрі ержүрек азаматтарды өз қатарына қабылдауға әрдайым дайын. Әскери қызмет, әрине, жеңіл емес. Ол – қызығы мен қиындығы қатар жүретін, жауапты сәтте дұрыс шешім қабылдай білуді талап ететін іс. Бүгіндері шекара шебіндегілердің бәрі де …
Бүлдіршіндердің жүзіне күлкі ұялатып, ерекше қуанышқа бөлейтін мерекелердің бірі 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні биыл да барлық сән-салтанатымен аталып өтті. Петропавл қаласы мен аудан орталықтарында жас өрендерге арналған сан түрлі мерекелік іс-шаралар, сайыстар ұйымдастырылды.
Петропавлдықтар жалға берілетін пәтерлерде болатын айғай-шу мен мотоцикл жүргізушілерінің түнгі серуенінен әбден мезі болған. Пәтер иелері кооперативтерінің төрағалары күзет құрылымдарының, жылжымайтын мүлік агенттіктерінің, жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен өткен жұмыс кездесуі кезінде аталған мәселелерді көтерді.
Облыстық тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтіп, онда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандарды даярлауға бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға жүргізілген мемлекеттік аудиттың қорытындысы белгілі болды.
Қасиетті Рамазан айы да аяқталатын күн жақын. Бұл атқарылған әрбір игі амалға еселеп сауап жазылатын шақ. Сондықтан исі мұсылман баласы күнделікті оразасы мен намазынан бөлек қайырымдылық шараларынан шет қалмағаны абзал. Мұсылманның мойнындағы негізгі бес парыздың бірі – зекет. Зекетті де көпшілік Рамазан айында беруге тырысатынын көріп жүрміз. Ораза кезінде таратылған зекеттің өзге айлардағыдан айырмашылығы қанша, …
“ Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы 2019 жылдың алғашқы төрт айында 1,1 млн.-нан астам адамды мобильді азаматтар базасына тіркеді. Осылайша, аталмыш базаға тіркелген қазақстандықтардың саны 6,8 миллионға жуықтап отыр. Мобильді азаматтар базасына тіркеу ерікті түрде жүргізіледі, мұнда азаматтардың жеке сәйкестендіру және ұялы телефон нөмірі байланыстырылып, базаға енгізіледі. Бұл арқылы дерекқорда жеке мәліметтері бар адамдар бірнеше …
Соңғы кезде елімізде ауыр дертке әкеп соғатын созылмалы аурулары бар науқастар саны артуда. Бұл ұзақ уақыт стационарлық емдеуді талап етеді және әлеуметтік-экономикалық маңызға ие мәселеге айналып отыр.
Спортқа дарынды балаларға мамандандырылған облыстық мектеп-интернат-колледжінде “Олимпиада үміті” акциясы өтті. Оған облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин, Қайсар Мәлғаждаров атындағы қайырымдылық қорының құрылтайшысы Бақытжан Сәмиева, сала ардагерлері, жаттықтырушылар мен тәрбиеленушілер қатысты.
Мемлекеттік қызмет рәсімдерін оңтайландыру және электронды түрде көрсетуге көшу барысы Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында өткен баспасөз мәслихатында сөз болды.
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Гимн Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ, рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.
Бүгінде Елтаңбамыз елдігіміздің айғағына айналып, көк Туымыз көгімізде желбіреп тұр. Рухымызды көтерер Әнұранымыз әрдайым асқақ шырқалып келеді. Осыдан 27 жыл бұрын егемендігіміздің нышаны ретінде бекітілген мемлекеттік рәміздер – ұлтымыз үшін аса қастерлі құндылықтар. Біз осы құндылықтарды ұлықтай алып жүрміз бе? Қазақ тарихында өзіндік орны бар атаулы күннің қарсаңында осы сұраққа жауап іздедік.
Өңірімізде ескі мешіттің орнына ислам мәдениетінің мұражайы ашылатын болды. Бұл жайлы облыс әкімі Құмар Ақсақалов “Facebook” әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазды.
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Халықаралық балаларды қорғау күнінде мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған Жақыповтар және Лукьянченколардың отбасыларына арнайы барып, жеткіншектерді мерекелерімен құттықтады.