«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕЛДІ ҰЙЫМНЫҢ МҮШЕСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Монакода өткен халықаралық жеңіл атлетика федерациясының (IAAF) отырысында қазақстандық спортшы Ольга Рыпакова ұйымның комиссия мүшесі болып сайланды.

Даңқты спортшының қандай да құрметке лайық екені даусыз. 30 қарашада 33 жасқа толғалы отырған Ольга Рыпакова үш қарғып секіру жаттығуы бойынша Олимпиада ойындарында жеңіс тұғырына үш мәрте көтерілді. Атап айтсақ, 2008 жылы Бейжіңде – күміс, 2012 жылы Лондонда – алтын, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода қола медальді еншіледі. Әлем чемпионатында бір күміс пен қос қоланы олжалады. Жабық ғимаратта өткен дүниежүзілік додада алтыннан алқа тағынып, тағы екі мәрте жүлдегерлер санатына қосылды. Азия ойындарында төрт рет теңдессіз деп танылды. Оның басқа да атақтары аз емес. Міне, енді Ольга Рыпакова белді ұйымның мүшесі болып отыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp