ЕҢБЕГІНЕ ҚАРАЙ ӨНБЕГІ
Бүгінде жұмысшы мамандықтарына деген мұқтаждық біліне бастағандай. Себебі, қолында дипломы бар заңгерлер мен экономистердің еңбек нарығында жұмыс таба алмай жүргендігін жиі кездестіреміз. Ал оның есесіне білікті дәнекерлеушілер, құрылысшылар мен темір ұсталары жетіспей жатады. Демек, жастарды аталмыш мамандықтарға ынталандырудың маңызы зор.