«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫСТА ҚАСҚЫРЛАР ЖОҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облысымызда қасқырлар мен шиебөрілер жоқ. Бұл жыртқыштардың өңірімізден ізім-қайым жоғалғаны туралы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы «Facebook»-тегі парақшасында жазды.

«Жыл сайын инспекцияға қасқырлар мен шиебөрілердің санын реттеуге қатысты өтініштер келіп түседі. Биологиялық негіздеме мен есепке алу деректері бойынша Солтүстік Қазақстан облысының аумағында қасқыр мен шиебөрінің реттелуі жүргізілмейді, өйткені бұл аңдар біздің аймақтың территориясын мекендемейді», – делінген хабарламада.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бұрынғы өкілі Сәкен Ділдахмет те өзінің «Facebook» парақшасында өңіріміздегі қасқырлардың жойылғанын дәттеді. «Мамандардың зерттеулері бойынша орманды Солтүстік Қазақстан өлкесінде қасқырлар бірнеше жылдан бері табылмаған. Бұған себеп – заңды және заңсыз аң аулау, азық-түлік ресурстарының жетіспеушілігі. 5 жылдан кейін біз қасқырды Қазақстанның Қызыл кітабына енгізуіміз мүмкін», – деп жазды Сәкен Ділдахмет.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мамандарының айтуынша, қасқырлар өңірімізде соңғы рет 2010 жылы байқалған. Сол жылы шамамен 40-қа жуық қасқыр болыпты. Ал 2014 жылдан бері бірде-бірі кезікпеген. Өйткені, болжам бойынша ауылшаруашылық алқаптарының артуы қасқырлардың қоректену жағдайына әсер етіп, техникалар дүбірінен алшақтауы мүмкін. Жалпы, бүгінгі таңда Қазақстанда 14,5 мыңға жуық қасқыр бар. Бұл сан 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5 мыңға артық.

 

Сурет: https://www.eg.ru/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp