Өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай туралы баяндады.
Осы күнге дейін облыс аумағында КВИ жұқтырғандардың саны 11568-ге жетті. Оның ішінде 391 адам сырқатты сырттан әкелген. 7151 тұрғын індеттің ауру белгілері бар түріне шалдыққан. Ауырғандардың ең көп бөлігі, яғни 61 пайызы медициналық көмекке жүгінген кезде инфекция жұқтырғанын білген. 9 ақпанда олардың қатарын 68 адам толықтырды. Жаңа жағдайлардың ең көбі Айыртау мен Есіл аудандарында және облыс орталығында тіркеліп отыр.
Бас санитар дәрігердің айтуынша, жағдайдың тұрақталуы шектеу шараларын енгізу нәтижесінде жүзеге асқан. “Қаңтар айының ортасынан бізде сырқаттар санының күрт өсуі байқалды. Уақтылы карантин талаптарын қайта қолданудан кейін сырқаттар қатарының азаюына қол жеткіздік. Нәтижесінде 6 ақпанда облысымыз қайтадан сары аймаққа енді”, – деген Әсет Жұматаев айдың 13-інен кейбір шектеу шараларының алынып тасталатыны туралы хабарлады. Яғни, 13 ақпаннан ірі сауда орындары, бассейндер мен жабық құрылыс базарларының жұмысы сенбі күні қайта іске қосылады. Қала және кентішілік, қаламаңы бағытындағы қоғамдық көліктердің жұмысы жанданады, фитнес, тренажер залдары мен спорт нысандары, аумағы 500 шаршы метрден асатын дүкендер де демалыс күнде-рі ашық болады. Қоғамдық та-мақ-тану нысандары, облысішілік ав-тобустар қызметіне рұқсат етілді.
КВИ-ға қарсы вакцинациялау белсенді жүргізілуде. Әсет Жұ-матаевтың айтуынша, бүгінгі күн-ге дейін 1025 адамға екпе қо-йылған. Ақпанның екінші жарты-сында өңірімізге Қарағандыда шығарылған “Спутник V” вакцинасы жеткізілмек. Бас санитар дәрігер: “Шектеу шараларын жеңілдету вирус қаупі сейілді дегенді білдірмейді. Сондықтан барлық тұрғындарға екпе алудың маңыздылығын тағы бір ескерткім келеді. Күнделікті гигиеналық талаптарды қатаң ұстанумен қатар біз вакцина салдыру арқылы ғана ауруға төтеп бере аламыз”, – деп сөзін тамамдады.
Гүлбике КУБЕНОВА,
“Soltústіk Qazaqstan”.