«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Майра Мұхамедқызы «Bravo» халықаралық сыйлығының жеңімпазы атанды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Классикалық өнер саласындағы «Bravo» халықаралық кәсіби музыкалық сыйлығын тапсыру салтанаты Мәскеудегі Үлкен театрдың тарихи сахнасында өтті.

Қазақстандық опера әншісі Майра Мұхамедқызы серіктес елдердің ең танымал классикалық орындаушылары аталымы бойынша жеңімпаз атанды.
Қалыптасқан дәстүр бойынша лауреаттарға марапатты әлемдік деңгейдегі жұлдыздар, аты аңызға айналған опера орындаушылары және шетелдік дипломаттар табыстайды. Біздің отандасымыз сыйлықты Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің кеңесшісі Еділ Хозеұлының қолынан алды.
Майра Мұхамедқызы осындай беделді марапатқа ие болу тосын сый болғанын және үлкен мәртебе екенін айтты.
Ресейлік танымал тележүргізуші Андрей Малахов бұл жеңісті қазақ әншісінің дарыны мен жетістігінің лайықты дәлелі деп атап, оған бар жақсылықты тіледі.
«Bravo» сыйлығының атқарушы продюсері Юрий Андрейчук Қазақстан әлемге таңғажайып өнер тұлғаларын сыйлайтынын атап өтті.
Майра Мұхамедқызы – Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көптеген танымал халықаралық байқаулардың лауреаты, Париждегі «Гранд Операның» алғашқы қазақстандық солисті. Осы жылдың қаңтарында ол Шымкенттегі опера және балет театрының директоры болып тағайындалды.
«Bravo» сыйлығы 2017 жылы құрылды және 2018 жылдан бастап жыл сайын классикалық және танымал музыка саласында беріледі. 2020 жылы коронавирустық пандемияға байланысты тапсыру рәсімі өткен жоқ.
Сыйлықтың ерекшелігі номинанттарды ұсыну айқындығы және артистердің танымалдылығының объективті көрінісін жеке көзқарас бойынша емес, музыка индустриясының кәсіби мамандары ұсынған және концерттерге сатылған билеттер саны, синглдер мен альбомдардың таралымы, әндердің радио мен теледидарда танымал болуы, «YouTube»-те қаралу саны, бұқаралық ақпарат құралдарында айтылған мәліметтер және т.б. сараптамалық көрсеткіштердің нәтижелері бойынша жасау болып табылады.


https://egemen.kz 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp