«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бұл ай – әрбір адамға рухани күш-жігер береді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин жақсылықтың жаршысы атанған Рамазан айының басталуымен барша қазақстандықтарды  құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Барша мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Айлардың сұлтаны саналатын Ораза айы – кең пейілдің, береке-бірліктің және ізгіліктің, ынтымақ пен мейрімділіктің көрінісі. Шарапаты мен шапағаты мол ай халықты жанашыр болуға, қайымдылық жасап, бір-біріне көмектесуге шақырады. Осы берекесі мен бірлігі жарасқан Рамазан айында жасаған игі амалдарыңыз, барлық дұға-тілектеріңіз және ықыласпен ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын,»  деді Нұрлан Нығматулин.

Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы барлық қазақстандықтарды біріктіре түсетін осындай қасиетті айда әрбір азаматқа рухани күш-жігер, әрбір отбасына бақ-береке, амандық елімізге тыныштық және өркениет тіледі.

Egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp