«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ерлер арасында сынға түскен “Есіл” волейбол клубы Қазақстан чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында команданы айтулы жетістігімен құттықтады.

– Солтүстікқазақстандықтардың бұл жүлдесі алтынмен пара-пар! Команда ойыншылары жетістікке жету үшін ұзақ әрі қиын жолды жүріп өтті. Біздің волейболшыларымыз өз тарихында тұңғыш рет еліміздегі волейбол клубтарының үздік үштігіне енді. Биыл осы спорт түрінен облысымыздың екі бірдей командасы жақсы нәтиже көрсетті. Бұл кездейсоқ жеңістер емес. Солтүстікқазақстандықтардың жетістіктері – заңды құбылыс. Волейболды дамытуға бағытталған күш-жігеріміз өз нәтижесін беріп жатыр. Алда бұдан да биік белестерді бағындыратынымызға сенімдімін, – деп жазды Құмар Іргебайұлы.

Чемпионаттың соңғы ойынында, яғни қола жүлде үшін “Есіл” “Атырау” командасымен күш таластырып, тартысты ойында жеңіске жетті. Кездесу 3:2 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp