Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев облыстық полиция департаменті 3 жеке құрамының саптық байқауын өткізді. Басқарма бастықтары облыстық аппараттың, қалалық полиция ведомствосының, патрульдік полиция батальонының және мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері санитарлық нормаларды сақтай отыра, сапқа тұрғызылды. Облыстың бас полицейі Марат Төлебаев сапта тұрған әр офицер мен сержанттың сыртқы келбеті мінсіз болуы керек екенін атап өтті. Бұл, әсіресе, халыққа тікелей қызмет көрсететін патрульдік және ювеналдық полиция қызметкерлеріне, учаскелік инспекторларға қатысты.
Жарғыны білу, қызметтік құжаттарды, киімді тексеру саптық байқаулары жылына екі рет өткізіледі. Сыртқы келбет пен амунициядан басқа, қызметкерлердің саптық дайындықтары да тексерілді. Алаңда үрмелі оркестрдің сүйемелдеуімен полицейлер салтанатты түрде сап түзеп, кейін өздерінің қызмет орындарына тарасты.
Петропавл қаласындағы қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтауға екі ауысымда бір жүзден астам полицей шығады. Күндіз патрульдік полиция батальонының 15 автопатрулімен бірге көшедегі тәртіпті 5 жаяу жасақ пен стационарлық модульдік бекеттерде кезекші 5 офицер бақылайды. Кешке және түнде – 16 автопатруль, 4 стационарлық бекет, сондай-ақ, түнгі сағат 23-ке дейін кезекшілік ететін үш жаяу жасақ бар. Жыл басынан бері облыста патрульдік-бекет жасағы 600-ден астам түрлі құқық бұзушылықтарды анықтады.
Динара САҒЫНДЫҚОВА,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің аға инспекторы.