«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Дем де, ем де алдық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бурабайдың төсінде отау тіккен “Discovery Borovoe” орталығы – ерекше демалыс орындарының бірі. Заманауи кешен шетелдік туристер арасында да кеңінен танымал. Табиғаттың шипасынан бөлек, медициналық қызметтің де түр-түрі ұсынылады. Жақында ауданның бір топ мұғалімі кәсіподақ жолдамасымен демалып қайттық. Алғашқы күннен шипажай ұжымының қызметіне дән риза болдық.

“Discovery Borovoe” шипажайындағы бассейн, тренажер залы, СПА-орталығы, game-клуб, автотұрақ, қонақтарға арналған анимациялық бағдарлама – бәрі көңілден шықты. Көңілді демалыс – тән мен жанның рақаты! Күн сайын мәдени, туристік іс-шаралар, концерттер, ойындар ұйымдастырылды. Жанды дауыста әуезді әндер шырқалды. Асханада кез келген адамның қалауынша дәмді тағамның түр-түрі ұсынылды. Осындай ұмытылмас демалыс ұйымдастырғаны үшін облыстық, аудандық және мектептің кәсіподақ ұйымдарына алғысымызды білдіреміз!

Гүлістан АЛПЫСБАЕВА,

Алабота мектебінің мұғалімі.

Тайынша ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp