«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ОҚУ ОРДАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петерфельд ауылындағы Қызылжар-Абай орта мектебінде 230 оқушы білім алады. Оқу ордасының ерекшелігі сол, оқыту мен тәрбие беру жүйесі ұлы ақын Абай Құнанбайұлының педагогикалық идеялары мен принциптері негізінде жүргізіледі.

Былтыр мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде 1969 жы­лы салынған ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіліп, білім беру фор­масы түбегейлі өзгерді. Жаңар­тылған білім мазмұнымен қоса “қабырғалар оқытады” әдіс-тәсіл­дері де пайдаланылады. Яғни, интерьер және экстерьер дизай­нын дайындау үшін Қазақ­стан­ның ең үздік сәулетшілік бюро­сына тапсырыс берілді. Ашық оқу алаңы, релаксация кабинеті бар. Бастауыш сыныптардың инте­рак­тивті алаңына жаңа жабдық­тар орнатылды. Қажетті қон­дыр­ғылармен толық қамтамасыз етілді. Кітапхана барлық пәндер бойынша оқулықтармен, көркем әдебиеттермен, ғылыми-көпшілік туындылармен толыққан.

Бір мыңға жуық ауыл тұрғыны­ның мектепке деген көзқарасы мүлдем өзгерді. Оны әлеуметтік-тәрбиелік, заңнамалық, психоло­гиялық көмек көрсететін орталық ретінде санайды. Психолог, заң­гер, әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Білікті мамандармен кез­десулер ұйымдастырылып, ден­саулық, жасөспірімдер, отбасы құндылықтары, кәсіпкерлік пен бизнес мәселелері жүйелі түрде талқыланады.

Мектептің жүрегі – мұғалім бол­ғандықтан, осында еңбек ететін 49 ұстазға айрықша талаптар қойылады. Назарбаев зияткерлік мек­тептерінде сынақтан өткен тә­жірибелер қолданылады. Сапа­лы ғаламтор желісі, заманауи ком­пьютерлер, үздік зертхана­лық кабинеттер жұмыс істейді. Хи­мия, физика, биология, инфор­ма­тика кабинеттері ең соңғы үл­гідегі құрылғылармен жабдық­тал­ған. Оқушылар заманауи сан­дық технологияларды меңгереді. Ұлттық педагогикаға басымдық берілген.

Мектеп философиясы Абай­дың “Толық адам” концепциясы­на сүйенеді. Бұл – сараптама­ның барлық түрінен өтіп, Қазақстанда қолдануға ұсынылған тұңғыш жә­не әзірге жалғыз жоба. Ол да­йын үлгіге негізделмеген, айрықша жа­ңа бастама. Бастапқы идеясынан бастап жүзеге асыру үшін ең үздік мамандар тартылды. Баланың фи­­зикалық, зияткерлік және ру­хани үйлесімді дамуына мән бе­ре отырып, Абайдың “Ыстық қай­рат, нұрлы ақыл, жылы жүрек” де­ген пайымы құндылықтар бас­тауы ретінде алынды. “Ыстық қай­рат” бағытында оқушылардың ден­саулығына, физикалық да­муы­на, әл-қуатының өсуіне жағ­дайлар жа­салады. “Нұрлы ақыл” бағы­тын­да оқушылардың зият­керлік дамуына, терең білім алуы­на, дарындылықтың көзін ашуға озық технологиялар қолда­ныла­ды. Ал, “Жылы жүрек” ба­ғы­тында отба­сы, балабақша және мектеп­тер­дегі тәлім-тәрбие не­гіздері ұлт­тық салт-дәстүрлер­мен тығыз бай­ланыста жүргізіледі.

Петерфельд елді мекені ма­ңын­да бірнеше шағын ауыл бар. Олардан қатынап оқитын оқушы­лар үшін интернат салу жоспар­ланған. Осылайша, жаңа, ұлттық үлгідегі мектеп қалыптастырып, ауыл мен қала мектебінің айыр­машылығын азайту ойластырыл­ған. Бұл жобаны өңірдің басқа жерлерінде жүзеге асыруға да­йынбыз.

Бауыржан ТӨЛЕНОВ,

мектеп директоры.

Қызылжар ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp