Өңірде бір тәулікте коронавирустан 4 адам қайтыс болды
Солтүстік Қазақстан облысы коронавирус жұқтырудан ел бойынша әлі де алда келеді, тек өткен тәулікте жаңадан 143 сырқат анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысы коронавирус жұқтырудан ел бойынша әлі де алда келеді, тек өткен тәулікте жаңадан 143 сырқат анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында биыл 46 жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан 13 адам көз жұмып, 84-і зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Петропавлдағы атауы ерекше “28 ілмек” клубы осыдан үш жыл бұрын құрылыпты. Халықаралық қоғамдық ұйымның филиалы. Клуб мүшелері – қыз-келіншектер күні жетпей туған сәбилерге киім-кешек тоқып, перинаталдық орталыққа тапсырады. Ресми деректерге сүйенсек, елімізде жыл сайын дүниеге келетін сәбилердің 4-12 пайызы мерзімінен бұрын туады екен. Жақында клубтың үйлестірушісі Әсемгүл Кәкпенованы әңгімеге тартып, қайырымдылық істері туралы сұрап білдік.
Әлияның үйден кеткеніне 3 жылдай уақыт болды. Екі көзі төрт болып жолын күткен адамға аз уақыт емес. Әйтеуір бір келер деп жалған үмітпен күн кешіп жүрген Сәлима ананың (аты-жөні өзгертілді) денсаулығы да соңғы кезде сыр бере бастағандай. Жиендерінің ертеңгі тағдырын ойлап, түні бойы кірпік ілмей шығатын сәттері де аз емес. Қызының қылығын түсіне алмай, ойы …
Қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа ұласып келе жатқан ырымдары мен тыйымдары, өзіндік мән-мағынасы, терең салт-дәстүрлері бар. Бүгінге дейін желісі үзілмеген ырымдардың бірі – қалжа беру. Ата-бабамыздан осы күнге жеткен бұл ырымды халық тұрмыс-тіршілігінің бүгінгі көрінісінен де көруге болады.
Ауылдан інім келген. Жылқышы. Жиырма жылдан бері шоқ жұлдыздай шағын ауылдың алты үйір жылқысын бағады. Келген себебі, кәсібіне қажетті ер тоқым, қамшы, жүген-ноқта іздеп жүр екен. Қара шаңырақта отырған кенже баланың қажетіне жарау – парыз. Екеуіміз базар араладық. Мұнда не жоқ дейсіз, құстың сүтінен басқасының бәрі табылатын сыңайлы. Бірақ біз іздеген ат әбзелдері көзге шалынбады. …
Еңбек – адамның қарнын тойғызып қана қоймай, қиындықтарды жеңуге, отбасын асырауға әрі қоғамға пайдалы іс істеуге тәрбиелейді. Жастайынан еңбекке араласып, болаттай шыңдалған ата-әжелеріміз қазір сол бейнеттің зейнетін көріп отыр.