«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Көңілді кеш

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақан сері атындағы облыстық филармонияда камералық хордың концерті өтті.

Мәдениет саласының үздігі Ғалия Мұхамеджанованың жетекшілігімен өткен камералық хордың шығармашылық кешінде “Бельканто” квартеті, Любовь Зорина, Асхат және Динара Таушевтар, Татьяна Парфирьева, Наталья Когдина мен тағы бас­қалары өнер көрсетті. “Мәңгілік” би ансамблі де өз өнерін ортаға салды.

– Концерттен ерекше әсер алдық. Өнерпаздар ән айтумен қатар аспаптарда ойнап, кештің көрігін қыздырды. Жалпы облыстық филармонияда өтетін шығармашылық концерттерден қалмауға тырысамын. Асхат және Динара Таушевтардың өнеріне тәнтімін. Өзге өнерпаздарды да сүйіп тыңдаймын. Қызылжар өңірінде осындай дарындардың барын мақтан етемін, – деді Петропавл қаласының тұрғыны Әлия Жұманова.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp