Ақан сері атындағы облыстық филармонияда камералық хордың концерті өтті.
Мәдениет саласының үздігі Ғалия Мұхамеджанованың жетекшілігімен өткен камералық хордың шығармашылық кешінде “Бельканто” квартеті, Любовь Зорина, Асхат және Динара Таушевтар, Татьяна Парфирьева, Наталья Когдина мен тағы басқалары өнер көрсетті. “Мәңгілік” би ансамблі де өз өнерін ортаға салды.
– Концерттен ерекше әсер алдық. Өнерпаздар ән айтумен қатар аспаптарда ойнап, кештің көрігін қыздырды. Жалпы облыстық филармонияда өтетін шығармашылық концерттерден қалмауға тырысамын. Асхат және Динара Таушевтардың өнеріне тәнтімін. Өзге өнерпаздарды да сүйіп тыңдаймын. Қызылжар өңірінде осындай дарындардың барын мақтан етемін, – деді Петропавл қаласының тұрғыны Әлия Жұманова.
Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,
“Soltüstık Qazaqstan”.