«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ЖАСТАРҒА ЖОЛ СІЛТЕЙТІН ТЕМІРҚАЗЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Nur Otan” партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында “Елдіктің жеті тұғыры” қағидаттар жиынтығын ұсынған болатын. Тұңғыш Президентіміздің жас ұрпаққа жолдаған үндеуі жастарға тың қарқын беретін маңызды құ­жат екені сөзсіз. “Nur Otan” партиясы облыстық филиалы ғимаратында өткен жиында халық қалаулылары Елбасының “Елдіктің жеті тұғыры” атты қағидаттар жиынтығын талқылады.

Шарада бірінші болып сөз алған Петропавл қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Иманғали Тәттібаев тың құжаттың маңыздылығын атап өтті.

– Жеті тұғырдың бірі ел Тәуелсіздігіне арналған. Нұрсұлтан Әбішұлы егемендігіміздің еңсесін тіктеу жас ұрпақтың қолында екенін айтты. Болашақтың бағбандары азаттық үшін күрескен бабаларымыздың ерлік, өнегелі істерін есте сақтаулары керек, – деді ол.

Елбасы өз қағидаттар жиынтығында саналы қоғамның қалыптасуындағы отбасының рөлін де ерекше назарға алды. Тұңғыш Президентіміздің бұл сөзіне облыстық мәслихаттың депутаты Елена Левина былай деп үн қосты: “Еліміздің бүгінгі жеткен жетістігі Тәуелсіздіктің арқасында мүмкін болып отыр. Қазақстанда тұратын әрбір адам егемендіктің еңсе тіктеуіне үлес қосуы керек. “Отан отбасынан басталады” деген тамаша сөз бар. Отанымыздың гүлденуінде отбасындағы тәрбиенің рөлі зор”.

Елена Левинаның сөзін “Жас Отан” жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Біржан Құдайбергенов қостады. Ол өз сөзінде желтоқсан айынан бастап жастарды “Елдіктің жеті тұғыры” қағидаттар жиынтығымен таныстыру мақсатында түрлі кездесулер жоспарланып отырғанын жеткізді.

Салтанатты жиын соңында Тұңғыш Президент күніне орай бір топ солтүстікқазақстандық “Nur Otan” партиясына қабылданды. Оларға партия билеттері мен “Старт Елбасы” атты кітабы табысталды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp