Орал қаласында гір көтеру спортынан ел кубогы сарапқа салынды. Республикалық жарыста өңір намысын облыстың білекті жігіттері абыройлы қорғады.
63 килограмм салмақтағылар арасынан Бекежан Мейрам, 68 килограмм салмақ дәрежесінде Алмас Исенов сайыстың жеңімпазы атанды. Ал 73 килограмда бақ сынаған Ислам Мұсайбеков қола медаль еншіледі. Өңір командасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.