Облыста тәртіп сақшылары пиротехникалық өнімді заңсыз саудалаушылармен күресті күшейтті. Полицейлер “Пиротехника” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыс істеп жатыр. Сертификатталмаған, яғни денсаулыққа қаупі зор пиротехникалық өнімдерді анықтау мақсатында мобильді топтар құрылды.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа жылдық мереке қарсаңында пиротехникалық өнімді сақтау тәртібі, есепке алу, тасымалдау, әкелу және шығаруды бақылау жұмысы күшейтілді. “Пиротехника” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының мақсаты – пиротехникалық заттарды заңсыз сату фактілерін анықтау және сатылуына жол бермеу.
Петропавлда сертификатталған өнім екі сауда орнында – Кәрім Сүтішев және Мағжан Жұмабаев көшелеріндегі сауда үйлерінің маңындағы павильондарда сатылады. Олардың тиісті лицензиясы бар.
Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.