Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне қарасты аумақтық инспекция өз құзыреті шегінде мынандай мемлекеттік қызметтерді жүзеге асырады. Атап айтқанда, жануарларды өсіру, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындау (сою), сақтау, қайта өңдеу және өткізу, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беру, аудандық және қалалық аумақтық инспекцияларға мемлекеттік қызметтер ұсыну, орын ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытындылар ұсыну.
Осы жылдың 11 айында 7262 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 98 пайызы экспортқа ветеринариялық сертификат беру, қалғандары ветеринариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды жасау, өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер рәсімдеу қызметтеріне тиесілі. Ветеринариялық сертификат – халықаралық құжат немесе экспорттаушы елдің мемлекеттік ветеринариялық дәрігері ветеринариялық бақылауға жататын тірі жануарларға, мал шаруашылығы өнімдеріне және басқа да жүктерге беретін белгіленген үлгідегі есептілік бланк. Орын ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді экспорттау кезінде ветеринариялық сертификат Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бірыңғай үлгілері негізінде ұсынылады. Ветеринариялық сертификат үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес мемлекеттер) экспорттаушы елдің талаптарына сәйкес және тиісті аумақтық эпизоотологиялық жағдайды бағалауды ескере отырып беріледі. Ондай кезде тасымалданатын объектілердің экспортқа рұқсаты болуы керек. Көрсетілетін қызметті алушы сертификат бланкісінің бағасын төлейді, оның құны – 1 сертификат үшін 30-дан 120 теңгеге дейін.
Мемлекеттік қызмет қағаз және электронды түрде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі (құжаттар топтамасын тапсырған кезден есептеледі) 2 жұмыс күні ішінде рәсімделеді. Ветеринариялық-санитариялық қорытынды – ветеринариялық объектілердің сәйкестігін (сәйкессіздігін) белгілейтін, ветеринарлық-санитарлық инспектор арқылы берілетін құжат. Оның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 4 жұмыс күні ішінде рәсімделеді және де бланктың құны төленеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына өтінім беру электрондық үкімет порталы арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады. Бұл ретте ветеринариялық санитариялық қорытындыны мемлекеттік қызметтер стандартында көзделгендей электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы да жүргізуге болады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі, ветеринарлық заңнама талаптарына сәйкестігі болмаса сәйкессіздігі ветеринариялық-мемлекеттік, ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінің санитариялық қорытындысымен бағаланады. Ол – өндірістің есептік нөмірін беру, аймақ литерлік коды (өңірдің әріптік және сандық символдары) қызмет түрлерінен және өндіріс объектісі нөмірлерінің жиынтығынан құралады. Өндіріс объектісіне есептік нөмір беру үшін өндіріс объектісі ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес болуы керек. Өтініш берген мезеттен бастап, 30 күнтізбелік күн ішінде қанағаттандырылады. Қызмет көрсету мерзімі – 2 жұмыс күні. Өтініштер электрондық үкімет порталы арқылы қабылданады.
Кез келген мәліметті Парк көшесі, 57 “в” мекенжайынан алуға болады. Байланыс телефоны – 87152533660. Аграрлық үйдің фойесінде “AGROKOМЕК” сервистік орталығы орналасқан. Сондай-ақ “Телеграмм” әлеуметтік желісінде “СҚО ветеринарлық қауіпсіздігі”, “Facebook” әлеуметтік желісінде “СҚО аумақтық инспекциясы” аккаунты жұмыс істейді.
Зоя ЖОМАРТОВА,
ветеринарлық және қадағалау комитеті аумақтық инспекциясы тамақ өнімдері қауіпсіздігі бөлімінің жетекшісі.