«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алаңдауға негіз жоқ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Соңғы кездері әлеуметтік же­лілерде жеке тасымалдаумен айналысатын адамдар тарапы­нан мобильді аударымдардан бас тартуға және қолма-қол есеп айырысуға көшуге шақы­ра­тын ақпараттар көптеп тара­тыла бастады. Осыған байла­ныс­ты мынаны хабарлаймыз. Мо­бильдік аударымдарды пай­далануға қатысты салық заң­на­масына түзетулер жеке тұл­ға­лардың жеке аударымдарын кәсіпкерлік мақсатта жүзеге асы­рылатын мобильді төлемдер­ден бөлуге арналған. Бұл мә­селе бизнес-қоғамдастықтардың және банктердің қатысуы­мен бірнеше рет талқыланып, қолдау тапқан болатын. Атал­мыш бастаманың мақсаты цифр­лық кеңістікте бизнесті одан әрі дамыту болып табы­лады және де ешқандай жағдай­да қолма-қол есеп айырысуға көшу мақсатын көздемейді.

Мемлекеттік кірістер орган­да­рына деректерді беруге қа­тысты алаңдаушылыққа еш не­гіз жоқ. Себебі 2022 жылдан бас­тап банктерден кәсіпкерлік шот­тарға түсетін төлемдер бойын­ша ғана мәліметтер алу жоспар­ланған. Осылайша жеке ауда­рым­дарға салық салынбайды. Ал жеке кәсіпкерлерге салық салудың ыңғайлылығы үшін ар­найы салық тәртібі қарастырыл­ған, олардың ішінен кез келген режімді таңдауға болады. Мы­салы, такси жүргізушілер патент негізінде арнайы салық режімін қолдана алады. Бұл үрдіс жы­лына 10,3 млн. теңгеден аспай­тын кіріс кезінде пайдаланы­лады.

Кассалық аппаратқа қатысты бірер сөз. Қазір бірнеше мо­биль­ді қосымша жұмыс істейді. Кәсіпкер онлайн кассалық ап­параттың мобильді нұсқасын жүк­теп, оны заңды негізде қол­дана алады. Ал салық есептілігі «e-Salyq Business» қосымша­сын енгізу арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады. Бұл шаралардың барлығы бизнесті тиімді жүргізуге әрі одан әрі жеңілдетуге бағытталған.

Ерекше ескертетін жайт, қа­былданған мораторий аясында жеке кәсіпкерлер 2023 жылға дейін кірістерден салық төлеу­ден босатылған. Сондықтан аран­датушылыққа бой алдыр­мауға және уәкілетті орган­дар­дың ресми ақпаратын негізге алуға шақырамыз.

Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp