Өңірімізде қылқан жапырақтыларды заңсыз кесуге жол бермеу мақсатында “Шырша” акциясы ұйымдастырылуда.
Табиғатты қорғау полициясы мен аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының өкілдері орман шаруашылығы қызметімен бірлесе отырып, арнайы топтар құрды. Акция басталғалы 40 рейд өткізілді. Нәтижесінде шыршалардың заңсыз кесілгені туралы дерек тіркелген жоқ. Полицейлердің айтуынша, облыста сатылып жатқан жаңажылдық шыршалар негізінен Ресейден жеткізілуде.
“Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің “Белгіленбеген жерде сауда жасау” бабы бойынша үш факті анықталды. Омбы айналма жолының маңында “ГАЗель” автомобилінде шырша сатып отырған қалалық жауапқа тартылды. Кәсіпкерлерде далада сауда жасауға рұқсаты немесе нысанды жалға алу туралы келісімшарты болуы тиіс екендігін ескертеміз”, – дейді жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Айдын Байматов.
Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.