«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ИНТЕРНАТТАРДА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН БА?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік кеңестің отырысында мектеп-интернат­тардың жағдайы талқыланды. “Nur Otan” партиясы облыстық филиалының өкілдері желтоқсан айының басында аталмыш мекемелерге мониторинг жүргізген болатын.

Жиында аудандық және өңір­лік кеңестердің төрағалары балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында өткен мони­торингтің қорынтындысы туралы айтты. Облыста жалпы 71 интернаттық мекеме және жалпы білім беретін мектеп жанындағы 51 интернат бар. Оларда 4305 бала тұрып жатыр.

– Өңіріміз біраз уақыт “қызыл” аймақта болғандықтан, мониторинг жұмыстары желтоқсан айында басталды. 2-9 желтоқсан аралығында кеңес мүшелері Қызылжар ауданындағы Боголюбово және Бескөл орта мектебі жанындағы интернатта, Архангел­кадағы қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында болды. Тексерілген барлық мекемелерде оқушыларға жағдай жасалғанына көзіміз жетті. Кей мекемелерге жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Боголюбоводағы қырық адамға шақталған интернат мектептің 3-қабатында орналасқан. Жеті жатын, медициналық бөлме, сабақ оқуға арналған бөлек кабинеттер қа­растырылған. Күрделі жөндеу жұ­мыстары соңғы рет 2008 жылы жүргізілген екен. Ал осыдан 2 жыл бұрын терезелері ауыстырылған, – дейді “Nur Otan” партиясы облыстық филиалы жанындағы отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі кеңестің төрайымы Елена Левина.

Архангелка ауылындағы қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығы 1980-ші жылы салынған. Қазір аталмыш меке­меде 19 адам тұрады. Мекеме соңғы рет 2019 жылы жөндеу көр­ген. Енді кіреберіс есіктері мен жиһаздарын және еденін жаңарту керек.

Ақжар ауданындағы интернаттың да жағдайы көңіл көншітпейді.

– Интернатта 4 бала тұрып жатыр. Мекеменің терезелері мен су құбырын шұғыл түрде ауыстыру керек. Ас үйдің жағдайы мәз емес. Газ плитасы мен ыдыс-аяқтары ескірген, төсек-орын мен сүлгілерін жаңарту қажет, – дейді “Nur Otan” партиясы Ақжар аудандық филиалы жанындағы білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңестің төрайымы Сәуле Ахметова.

Ақжармен салыстырғанда Мамлют ауданындағы интернаттардың жағдайы едәуір жақсы. Бұл аудандағы мекемелердің барлығы күрделі жөндеуден өт­кен. Бөлмелерде тиісті жиһаздар бар. Биыл облыс орталығындағы мектеп-интернаттардың да басым көпшілігіне жөндеу жұмыстары жүргізілген.

– Мониторинг барысында “Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі – өнерде дарынды ба­лаларға мамандандырылған мек­теп-интернат” кешеніне де бас сұқтық. Нысанда биыл күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, су құбыры ауыстырылды. Мұндағы интернатта негізінен 5 пен 9-сынып аралығында оқитын оқушылар тұрады. Әр бөлмеде 2-3 баладан орналасқан. Жиһазбен тиіс­ті деңгейде қамтылған, – дейді “Nur Otan” партиясы Петропавл қалалық филиалы жанындағы әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңестің төрайымы Юлия Пронина.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp