«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Ұйым жұмысы қайта жанданбақ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Достық үйінде қазақ тілінің жанашырлары мен белсенділерінің жиыны өтіп, халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы облыстық филиалының жұмысын жандандыру мәселесі қаралды. Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Жамантаев ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Түркістан қаласында өткен “Қазақ тілі” қоғамының төртінші құрылтайының мән-маңызына тоқталып, онда ана тілімізге қатысты өзекті мәселелердің талқыланғанын атап өтті.

– Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың, Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың, зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өткен құрылтайда қазақ тілінің мәртебесін көтеру, қолданылу аясын кеңейту, тіл саясатын тиімді жүргізу, іс-қимыл жоспарларын жүзеге асыру бағытында атқарылатын маңызды шаралар қабылданды. Тілге қатысты заңға өзгерістер енгізілетін болды. Ұйымның жергілікті жердегі филиалының да жұмысын жандандыруымыз керек, – деді Нұрлан Досбайұлы.

Жиында ұйымның алқа мүшелері сайланды. Оның құрамына М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры Зарқын Тайшыбай, ардагер журналист Амандық Жантеміров, облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Ерік Нұрақаев, қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Жангелді Тәжин бастаған бір топ тіл жанашыры енді.

Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы облыстық филиалының төрағасы болып Жанат Мұхамеджанов сайланды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp