«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Онлайн қабылдау өткізді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов тұрғындарды онлайн режімде қабылдап, толғандырған сұрақтарға жауап берді. Қабылдауға жазылғандар жер учаскесін ресімдеу, үй маңын асфальттау, денсаулыққа қатысты мәселелерді қозғады.

Петропавл қаласының Жәлел Қизатов көшесінде тұратын Әлия Сәрсенова 2013 жылы қолданысқа берілген көпқабатты үйдің ауласына асфальт төселсе, тұрақты электр желісі тартылса деген өтінішін жеткізді. Баспаналары облыстық туберкулезге қарсы диспансердің электр жүйесіне қосылғанымен, қолдану мерзімі өтіп кеткен. Сондықтан жарық жиі өшіп қалатын көрінеді. Құмар Іргебайұлы бұл сауалға: “Кабель тарту жұмыстары көктемде басталады. Қала әкімдігі мәселені назарда ұстап, шешілуін қадағалайды”, – деп жауап берді.

Арай Маженованың күйеуі 2006 жылы қала маңынан жер учаскесін алған. Отағасы қайтыс болған соң жер зайыбына мұрагерлікке өткен. Алайда ұзақ жыл қолданбағандықтан жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылған. Осылайша Есіл өзенінің жағасында ойын-сауық орталығын салу мақсаты орындалмай қалған. “2000 жылдары қаланың көптеген жер учаскелері жеке адамдардың иелігіне өтіп кеткен. 2017 жылы мен қала әкіміне қолданылмаған жер учаскелерін мемлекетке қайтаруды тапсырдым. Себебі құрылысқа қажетті жерлерді анықтау барысында қалада бос учаскелер жоқ екендігі белгілі болды”, – деді әкім.

Өңір тұрғыны Валентина Афанасьева немересінің денсаулығына алаңдаулы. 20 жастағы жігіт жастайынан жүрек дертіне ұшыраған. Соған қарамастан мүгедектік мәртебесі алынып тасталыпты. Жүрегіне ота жасалғанына қарамастан, науқасынан айығар емес. Оны дәлелдейтін құжаттары да бар көрінеді. Өңір басшысы мүмкіндігінше көмектесуге уәде берді.

Облыс тұрғындарынан түскен басқа да сауалдар тиісті орындарға жіберіліп, орындалуы бақылауға алынады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp