Өңірімізде 12 жастан асқан жасөспірімдерді, жүкті және сәбилі әйелдерді вакциналау жалғасуда.
Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп гимназиясының оқушылары “Pfizer” вакцинасын алды. Білім ордасында жалпы 1059 оқушы оқиды. Олардың 451-і – 12-18 жастағы оқушылар. Бүгінгі таңда 32 оқушы екпе алған.
Облыс бойынша 268158 адам екпенің бірінші, 251469 адам екінші компонентін алды. Қазіргі уақытта 25859 адам ревакциналанды.
Жалпы пандемия басталғалы өңірімізде коронавирус инфекциясын 34515 адам жұқтырды. Өткен тәулікте облыста 41 тұрғынның қауіпті дертке шалдыққаны белгілі болды. Оның 39-ында ауру белгілері байқалған.
Рабиға ЕРАЛЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.