Хоккейден ел біріншілігі жалғасуда. Петропавлдық “Құлагер” клубы сырт алаңда “Номад” командасына қарсы екі ойын өткізді.
Бірінші кездесуде жерлестеріміз елордалық хоккейшілермен тең ойын өрнегін көрсетті. Есепті елордалықтар ашқан. Жерлестеріміз қатарынан екі шайба соғып, есепте алға шыққан. Екінші бөлімде де қос қақпаға бірнеше шайба дарыды. Соңғы жиырма минуттықта “Номад” қарқынға қарқын қосып, алға ұмтылды. Бірақ нәтижені теңестіре алмады. Қорытынды есеп 4:5.
Екінші кездесуде ойын тізгінін өз қолдарына алған мұз айдынының иелері айқын басымдық танытты. Есеп – 7:1. Қазіргі уақытта турнир кестесінде жерлестеріміз 7-ші сатыда, “Номад” 5-ші орында келе жатыр. Көш басында – көкшетаулық “Арлан” клубы.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.