«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Ақынға – мектеп, батырға – спорт кешені

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2021 жылы өңірде болған оқиғаларға шолу

2021 жыл да тарих қойнауына еніп, жаңа 2022 жылдың парағы ашылды. Жаңа жылдан жақсылық күтетін халқымыз өткен жылға да разы. Себебі көптеген жағымды жаңалықтар мен игі оқиғалардың куәсі болды. Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толған еліміздің жан-жақты дамуына Солтсүтік Қазақстан облысының қосқан үлесі орасан. 2021 жылы орын алған оқиғалардың бірқатарын назарларыңызға қайталап ұсынуды жөн көрдік.

2021 жылы Солтүстік Қазақстан облысын 5 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамытудың жаңа кешенді жоспары жасалды. Кешенді жоспар инвестициялық бағдарламаларды іске асыруды, тұрғын үй, өзге де инфрақұрылымды, әлеуметтік саланы дамытуды, сондай-ақ құқықтық тәртіпті және азаматтық қорғауды қамтамасыз етуді көздейтін 4 бағыт пен 87 іс-шарадан тұрады. Жаңартылған кешенді жоспарды жүзеге асыруға тартылатын инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 2 трлн. теңгені құрайды. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 517,9 млрд., жергілікті бюджеттен – 43,9 млрд., жеке инвестициялар есебінен 1,3 трлн. теңге бағытталады.

* * *

Бір жыл ішінде индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде 80 жоба пайдалануға беріліп, 0,5 трлн. теңгенің өнімі өндірілді, 4 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Экономикаға құйылған инвестициялар көлемі – 80 млрд. теңге. Инвестициялардың 1 теңгесінен шамамен 6,5 теңге кіріс алынды. Тұтастай алғанда, өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 34 млрд. теңгеге көбейіп, 192 млрд. теңгені, өңдеу секторының үлесі 75 пайызды құрады.

* * *

Облыс республика бойынша сүт фермаларын салу бойынша көш басында келеді. Қазақстанда биыл 29 сүт кешені салынса, соның 16-сы біздің өңірде. 500 жаңа жұмыс орны ашылады. Жаңа фермалар қосымша 45 мың тонна өнім бермек. Осы жобалардың арқасында бір жылдың ішінде сүт өндіру көлемі 598 мың тоннадан 630 мың тоннаға дейін өседі.

* * *

Есіл ауданы Советское елді мекенінде ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымын дайындайтын зауыт іске қосылды. “Атамекен Агро” ЖШС-і нысанды салу үшін 1 млрд. теңге қаржы жұмсады. Зауытта жылына 60 мың тонна тұқым дайындалмақ.

* * *

Еліміз бойынша қамбаға құйылатын астықтың төрттен бірі теріскейдің еншісінде. 3,5 млн. тонна астық қамбаға құйылды. Агротехникалық іс-шараларды толық орындаудың арқасында өнім өндіру көлемі де, сапасы да айтарлықтай жақсарды. Машина-трактор паркін жаңарту жалғасып, 2322 техника сатып алынды. 2018 жылмен салыстырғанда, себілген тыңайтқыш көлемі 113 мыңнан 160 мың тоннаға дейін, элиталық тұқымның сортын жаңарту 5,3 пайыздан 9 пайызға дейін артты.

* * *

Облыс орталығында “Alageum Eleсtric” компаниясы “Петропавл электротехникалық зауыты” жауапкершілігі шектеулі серіктестігін ашты. “Qyzyljar” арнайы экономикалық аймағында орналасқан жаңа кәсіпорынның құны 15 млрд. теңгені құрады. Өндіріс ошағы 6-10 кВ-қа тең трансформаторлар мен жоғары кернеулі ұяшықтарды жасаумен айналысады. Олар жылына өнім түрінің 12 мың данасын шығара алады. Сондай-ақ Петропавлда немістің “Class” концернінің техникалары шығарылатын болды. Онда алдағы бес жылда комбайндар мен тракторлардың 500 данасы құрастырылады.

* * *

Петропавл қаласында Мағжан Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицейдің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Уәлиханов көшесінің бойында орналасқан білім ордасының құрылысы 2019 жылы басталған болатын. Мердігер – “Құрылыс-Сервис СК” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 900 орынға арналған білім ордасының іші кең, жарық әрі заманауи үлгіде жабдықталған. Қос тілде білім беретін оқу ордасында әзірге 600-ден астам бала білім алуға ниет білдірген. Мұнда 71 мұғалім жұмыс істейді.

* * *

Биыл бюджеттен 4,3 млрд. теңге бөлініп, облыстағы 56 білім үйі қалпына келтірілді. 84 мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Төрт қалалық колледжге 1,2 млрд. теңгенің заманауи оқу жабдықтары сатып алынды.

* * *

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 350 млрд. теңгеге дейін жеткізілді. “ЗИКСТО” зауыты “Қазақстан темір жолы” АҚ-ы үшін 2 мың платформалық вагон құрастыру тапсырысын орындауға қызу кірісті. Инвесторлар термос вагондардан бөлек, өнімнің жаңа түрін игеруде. Атап айтқанда, автономды рефрижераторлық вагонның тәжірибелік үлгісі жасалды.

* * *

Шал ақын ауданының орталығы Сергеевка қаласында Құлеке батыр атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Мұнда елді мекен тұрғындарына спортпен шұғылданып, саламатты өмір салтын ұстану үшін бар мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ байрақты бәсекелер де осында өткізіледі.

Дайындаған

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp