«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Біздің облыс — бірінші орында

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“CSI ratings” ұйымы Қазақстан өңірлері бойынша кезекті рейтингтің қорытындыларын шығарды. Бұл жолы назарға жергілікті билік органдарының 2021 жылдың 3 тоқсанындағы қызметі алынған. Бағалауда да бірқатар өзгешеліктер бар. Атап айтқанда, ауызсудың сапалық өлшемі енгізілді.

Алдыңғы рейтингтегідей, бірде-бір өңір мүмкін болған 100 ұпайды жинай алмады. Басқалармен салыстырғанда, Солтүстік Қазақстан облысының көрсеткіштері – көш ілгері. Балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту, республикалық және халықаралық олимпиадалар жүлдегерлерінің саны, медициналық мекемелердегі орындардың жеткіліктілігі, тіршілік нәрі – ауызсудың сапасы, нәрестелер өлімінің коэффициенті, шетелдік компаниялардың үлесі, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс саны сияқты көрсеткіштер бойынша 75,58 ұпайға ие болып, бірінші орынға шықты.

Екінші орынды еншілеген Атырау облысының теріскейліктерден 4 балы кем. Шикізат емес сектордың негізгі капиталына инвестиция құю жөніндегі көрсеткіш бойынша көшбасшылықты сақтағанмен, сәбилер өлімі, экономика саласындағы қызметтер көлемі, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, ең төменгі күнкөріс деңгейі жөнінен бұрынғы позициядан айырылып қалды.

Алматы қаласы өңірлердің үздік үштігіне қосылып, қылмыс жасаған кәмелетке толмағандардың үлесі, әкімдердің келіп түскен өтініштерді қарау нәтижелері бойынша көрсеткіштерді айтарлықтай жақсарта алды. Сапалы ауызсудың қолжетімділігі бойынша да көш басына көтерілді.

Жамбыл облысы бірқатар көрсеткіштерді жақсарта алуының арқасында жалпы рейтингте 7-ші орыннан 4-ші орынға ауысты. 5-ші орынға сырғыған Нұр-Сұлтан қаласының қылмыс жасау және азаматтардың өтініштеріне дер кезінде құлақ асу секілді көрсеткіштерді төмендетіп алғаны байқалады.

Ақтөбе облысының 10-шы орыннан 6-шы орынға көтерілуі заңды сықылды. Бұған пара алу және лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілерінің аз тіркелуі себеп. 7-ші орынға жайғасқан Ақмола облысы шикізаттық емес сектордың негізгі капиталына инвестициялар тарту және азаматтардың өтініштерін қарау мерзімін өткізіп алмау бойынша бірқатар өңірлерді артқа тастады. Сонымен бірге кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар, халықтың ең төменгі күнкөріс көрсеткішін айтарлықтай жақсартты. Дегенмен ауызсудың санитарлық-гигиеналық, микробиологиялық нормаларға сәйкес келмеуі алаңдатпай қоймайды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp